Қазақстан мен Татарстан премьерлері КО құру аясындағы екі жақты ынтымақтастықты маңызды деп есептейді
Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға бір күндік жұмыс сапармен келген Татарстан премьер-министрі Рустам Минихановпен кездесті, деп хабарлайды ҚР үкіметі жетекшісінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды.
Р. Миниханов Алматы облысына жасаған сапары туралы әңгімелеп берді. Онда ол нысандардың құрылысына инвестиция салу мақсатымен «Қорғас» шекаралық ынтымақтастығының халықаралық орталығының аумағында болғанын жеткізді.
«Тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы экономикалық әлеуетті жүзеге асыру қажеттігін айтып, Кеден Одағын құру және оның 2010 жылдан бастап қызмет ете бастауы шеңберінде екі жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті», - делінген хабарламада.
Кездесу соңында К. Мәсімов пен Р. Миниханов екі жақты ынтымақтастықтың табыстылығына сенімді екендерін жеткізді.