Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2950 0 пікір 25 Мамыр, 2009 сағат 20:09

Қоңыр үн этнофутуризм дискурсында қазақ этносындағы домбыраның құлақ күйін келтіру (басы)

Ж.Нәжімеденов өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, домбырашы, дирижер МСӨИ
Ж.А.Алтаев философия ғылымдарының докторы, профессор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ж.Байғозы академик.

Этнофутуризм тұжырымдамасының шекті негіздемелерін анықтау, этностықты психологиаландырудың  тетіктерін   айқындауға, «қоңыр архетипі» мен «үн психотипінің» нысандандырылған мәртебесіне этникалық ақиқат –болмыс беруге септігін тигізеді. Бұл жаһандық үрдістердің түпмәтінінде этникалық ұғымын этноцентрикалық түсінуді жаңғырту тәсілдерін қадағалауға мүмкіндік туғызады. Тірек сөздер: этнофутиризм, сақ –түрк, көшпелі, қоңыр үн, домбыра, этникалық дискурс.
Этникалыққа жүгіну қажеттілігі бүгінгі таңда дүниенің (әлемнің)  этникалық саналуандығын мультикультуралистик (мәдени) өзінше пайымдаумен белгіленеді, ол «табиғаттан» («жаратылыстан») берілген «бастапқылар» ретінде мәдени айырмашылықтарды бекітудің бір текті еместігін қатар атап көрестуді ұйғарады. «Бөтен» мәдениетке төзімділіктің қажеттілігін мойындай отырып, мультикультурализм идеологиясы «этникалық мәдениеттер» арасындағы межелерді (шекараларды) «табиғи» ретінде тіркейді. Этноцентризімді немесе мәдени нәсілшілділікті осылайша жаңғырту бүгінгі заманғы әлеуметтік дискурстағы этникалықтың орны мен этникалықтың тілін ұдайы қайта жаңғырту қағидаттары туралы мәселені жаңаша коюдың қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Ж.Нәжімеденов өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, домбырашы, дирижер МСӨИ
Ж.А.Алтаев философия ғылымдарының докторы, профессор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ж.Байғозы академик.

Этнофутуризм тұжырымдамасының шекті негіздемелерін анықтау, этностықты психологиаландырудың  тетіктерін   айқындауға, «қоңыр архетипі» мен «үн психотипінің» нысандандырылған мәртебесіне этникалық ақиқат –болмыс беруге септігін тигізеді. Бұл жаһандық үрдістердің түпмәтінінде этникалық ұғымын этноцентрикалық түсінуді жаңғырту тәсілдерін қадағалауға мүмкіндік туғызады. Тірек сөздер: этнофутиризм, сақ –түрк, көшпелі, қоңыр үн, домбыра, этникалық дискурс.
Этникалыққа жүгіну қажеттілігі бүгінгі таңда дүниенің (әлемнің)  этникалық саналуандығын мультикультуралистик (мәдени) өзінше пайымдаумен белгіленеді, ол «табиғаттан» («жаратылыстан») берілген «бастапқылар» ретінде мәдени айырмашылықтарды бекітудің бір текті еместігін қатар атап көрестуді ұйғарады. «Бөтен» мәдениетке төзімділіктің қажеттілігін мойындай отырып, мультикультурализм идеологиясы «этникалық мәдениеттер» арасындағы межелерді (шекараларды) «табиғи» ретінде тіркейді. Этноцентризімді немесе мәдени нәсілшілділікті осылайша жаңғырту бүгінгі заманғы әлеуметтік дискурстағы этникалықтың орны мен этникалықтың тілін ұдайы қайта жаңғырту қағидаттары туралы мәселені жаңаша коюдың қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Бүгінгі заманда этникалықтың айрықшалығын айқындау «этностарға» дәстүрлі берілетін және оларды әлеуметтік – саяси «сахнада» өздерінің «мүделеріне» сәйкес іс -қимыл жүргізетін «ұжымдық субъектілер» ретінде көрестетін қалыптасқан мағыналарды қайта құрылымдауды талап етеді.
Этникалықты осылайша түсіну тартыс (жанжал) пен тайталастың тілі «қоңыр үнді» қайта жаңғыртуға сеп болады, өйткені ол этникалық айрмашылықтар қалаған «генетикалық» сабақтасқан «этностардың» мәдени «бөтендігі» туралы түсінікті санада бекітеді. Этникалықты «заманға қарай сәйкестендіру», оны жаһандануды бастан кешіріп отырған «бүгінгіге» бейімдеу әрекеті, жалпы этникалықты этнофутуризм ретінде көрсететін, этникалық дискурстың жай-жапсарларынан байқалады.
Этнофутуризм әдебиет пен өнердегі қозғалыстың ауқымынан тысқары шығады да, айрықшалықты тәсілмен түрік –сақ- қазақ халықтарының әлауметтік мәдени «қазіргісін» көрсететін әлеуметтік дискурстың аспектіне айналады.
Ол кейінгі заманғы мәдениеттің жай - күйі және тіпті оның шегі болып шығады: «құрауыштары» -«этно», «уру»,   («тайпа», «тайпауру», халықуру) және «футуризм» (болашақ) түсінікті болса да, ал футиризм нені білдіреді?
Түрк –қазақ ортасында жаңа түрде ойлаудың ерекшелігі мынаған саяды, этнофутуризмнің міндеті – мәдениеттің екі жартысын біріктіру. Бір жағынан мәдениет өз халқының тәжірибесіне тән «қоңыр үн» күй – ежелгі дәстүрлерін мирас ету болып табылады. Екінші жағынан ол қазіргі заманға сай түрде ойлау ерекшеліктерімен баю арқылы ұдайы жаңарып отырады. Осы жақтардың тікелей бірлігінде мәдениеттің табиғи өмір энергиясы (қуаты) тасаланады (бүркемеленеді).
Этнофутуризм «бұрынғы» - «болашақ» өту кезеңі өз ауанилығының «айқасуын» (ұстасуын) жүзеге асыруға және оны шекара (меже) -«этно» (ұлыс), («уру»,  «тайпа» «тайпауру» халықуру) және «футуризм» (болашақ) ретінде көретуге әрекетенеді. Этнофутуризмнің «ол да емес» («ethno»), «бұл да емес» (future) болып табылатынын объективтендіруге әрекеттенумен тұжырымдалатын күрделі міндет қойған ол (этнофутуризм) «орынсыз» - құрғақ қиял (утопия) болып шығады. Этнофутуристер шығармаларындағы әдеби «Күй-Айтыстағы», сондай-ақ бүгінгі заманғы этникалықтың әлеуметтік орны туралы пікірлердегі қазақ этностығы мифологиялық – дәстүрлік ретінде көрінеді, әрі ол қазіргі қаланың кенттік ландшафтына да сай келмейді (үйлеспейді). Оған «өткенінен» де, «бүгінінен» де орын жоқ, сондықтан мұны «болашаққа» орналастыруға тура келеді. Этнофутуризм амалсыздан «әлі жоқ нәрсенің» бастамасы болуға мәжбүр. Осы бастаманың әлі мазмұны да жоқ, өйткені этнофутуризм болғанының барлығын теріске шығарудан басталады: «Этнофутуризм дүниені ұйымдастырудың (дұрыс салудың) мынадай нысанын ұйғарады, мұнда ештеңе шешілмейтін, тек үзінділер, бейберекетсіздік, үйлесімнен адалық, сандырақ, маразм, көзбояушылық салтанаты ғана бар мағанасыздық бірінші қатарға шықты».
Бүгінгі қазақ әдебиетінде шығарманың кеңістікті-уақыттық желісінің біртіндеп ауылдық ортадан (оны дәстүрлі түрде ғарыш, тәртіпке келтірілген дүние ретінде қарау қалыптасқан) қаланың өркениет саласына (бейберекетсіздік, қайшы әлем) ауысатынын қадағалау қиын емес.
Әрі жатахқаналар (бейнені қайта пайымдау), көпқабатты үйлердің кірмелері көрнекі де қолданымды лексемаларға (сөз тұлғасының тұтастығы) айналады... Өзін-өзі торықтыру, өзін-өзі жоқ қылу бейнелері, сайып келгенде, бір-ақ нәтижеге- ғайыптыққа, болмыстың жоқтығына жетелейді – «өртең жер», «күлге айналған орын», «ұшы-қиыры жоқ теп-тегіс шөл дала» «зират», «мола», «жат мекен» соның белгілерін көрсетеді... Этнофутуристік дискурстың мағыналарын айқындау үшін қазақылықты зертейтін сарапшы-этнофутуристермен құрылымданбаған он екі сұхбат жүргізілді (музыканттармен, өнертанушы мамандармен, суретшілермен, ақындармен, әдебиет зерттеушілерімен). Сұхбатқа қатысқан этнофутуристердің пікірлері бойынша, кеңістікті жалаңаштайтын этнофутуризм «өз» ортасынан шығып қалған, бірақ әлі «бөтен» ортаға бейімделе қоймаған адамдардың дүниетанымы болып шығады: «Этнофутуризмнің басты міндеті – қазіргі заманға сай ұлттық мәдениет құру. Мынадай үдеріс жүреді, ауыл халқы қалаға қоныс аударған кезде, қалаға тап болған, ауылдық дәстүрді таратушы адам мұнда есебін тауып, күнін көруі керек, яғни этнофутуризм дегеніміз- өміршеңдік философиясы».
Постмодернизм дискурсымен (бағыт-бағдар) ұқсас көп ерекшеліктеріне қарамастан, этнофутуризм мәдениеті бұрын болған барлық мәдениет нысандарынан (түрлерінен) тұжырымдамалық іріктеу үрдісіне ие.
Мәдениеттің әлі толтырылмаған кеңістігі ретіндегі «ұйқыдан ояну» түйсігі мазмұннан ада нысанға айналады. Осындай «тап-таза» нысан этникалық мәнді ашық жасауы, оны босатуы тиіс. Этнофутуризм кеңістікті тікелей жалаңаштауға, босатуға ұмтылады. Осындай этнофутуристік кеңістік ретінде бүкіл Қазақстан ойға оралады, мұнда этнофутуризм қайсыбір қоғамдық қозғалысқа айналып, қайсыбір шамада институцияланды. Көрмені ұйымдастырушылардың бірі былай түсіндіреді: «Алғашқыда бұл суретшілердің, артистердің, ғалымдардың, журналистердің және этнофутуристік қозғалысқа қызығушылық танытқан барлық адамдардың бейресми шығармашылық бірлестігі болды. Содан кейін біз оны осындай фестивальдарды өткізу қолайлы болу үшін серіктестік (әріптестік) ретінде ресімдедік. Фестиваль дегеніміз – үлкен «перформанс», «хеппенинг» сияқты, ол туынды жасау әрекеті жүретін кеңістіктің нүктесі, оның негізін жылы да сүйіспеншілік тербелістер құрайды. Оған бүкіл әлем (дүние) құлақ тігеді...» Этнофутуристік дискурста этникалық шынайлық шығармашылық кеңістігі ретінде белгіленеді - әр мезетте ешқандай ережелерсіз және қағидаларсыз жасалатын дүниелер. Алайда шығармашылық «жасайтын» субъектінің болуын ұйғарса, ал этнофутуризм субъектіден бастарту арқылы өзін-өзі танытады.
Субъект-суретші, ал домбырашылар, этнофутуристердің пікірі бойынша, сол арқылы этникалықтың қайсыбір «терең қат-қабаттары» көрінуі үшін «ашық» болуы тиіс: «Мен үшін этнос (ұлыс), этностық-сірә мен, Юнгты қайталайтын шығармын-ол ұжымдық санасыздық. Мен көркем шығарма оқығанымда, ол менің жансарайыма қалайша әсер еткенін тіпті өзім де ұғына алмаймын. Шамасы менің бойымда ежелгі үн шығаратын ішектер бар болса керек, олар ұдайы әсер етеді..., (ұлыс),  -«этно» («ру»  «тайпа» «тайпа ру» халық ру) және «футуризм» (болашақ) түсінікті ұмыта алмайтын мұнда қайсыбір қыр-сырлар бар.
Мен нақ осы мағынада өзім үшін маңызды этностық дүниені түсінемін, ол маған мынау әлемнен өзімді-өзім табуыма мүмкіндік береді»;
Этностық демек, «псикиканың тереңде жатқан қатпарлары», «адам бойында қаланған бұрынғы, әрі оны өз бойыңда ашуың керек. Этнофутуризм сондықтан, осы «терең» (ежелгі) этностықтың даму жолы.
Алайда мұндай этностық, іс жүзінде, көшпелі түрктердің (ұлыс), бірлігін маңыздандыратын «атамекенді (атажұрт) немесе «арғы кеңістікті» іздестіруге саяды: «Әжемнің бесік жырларын немесе жыраулардың әуендерін (толғауларын) айтқан кезімде, мен ата-бабаларымыздың даусымен сөйлеген сияқты сезінемін, бір кездері көшпелі түріктер-қазақтардың да арғы түбі бір болған ғой. Мен мұнан жердің даусын, ежелгі көшпелілердің даусын аңғарамын».
Қағида бойынша, этнофутуристер түрк- көшпелілерімен Венгриямен өз байланыстарын атап көрсетіп, қазақ дүниесінің сақ-түрік көшпелі «ежелгі атамекен» тұжырымын нақтылы көрететін сияқты және оны мәдениет дәстүрінің шынайлығы ретінде ұсынады. Осы этностардың тілдері мен артефактілерінің ұқсастығын белгілейтін археолықтар мен тарихшылардың зерттеулерінің негізінде құрылған ғылыми ((ұлыс), тарихи-дәстүрлі) –ғылыми философиялық құрылым дүниетаным ретінде маңыздандырылады, ол «терең ұқсастықты», «архетиптер бірлігін» ұйғарады. Сөйтіп, этностықтың (этникалықтың)» «бос кеңістігі» (ұлыс),  «сақ-түрік-көшпелі-қазақ дүниесі» тұжырымымен толтырылады. Осы идеяны дамытуға сондай-ақ этникалық мәдениетті инвестициялау кеңістігін кеңейту де септігін тигізеді, этностықты «жоба» ретінде көрсету. Этнофутуризм қазақ мәдениеті сақ –түрік көшпелі дүниенің бір бөлігі ретінде енгізілетін кеңістік құруға сеп болады. Этностықтың құндылығын атап көрестетін этнофутуризм, соған қарамастан, оны әлдебір көмескі нәрсеге саюға жетелейді. Бұл «архетиптікті» , «жалпыға бірдей», «жалпыадамзаттық» ретінде сыртқа шығару арқылы жүреді: «Бізде, біздің ұжымымызда, яғни осында көптеген этностар ұсынылады, қазақтар өздерінің қазақы ештеңесін күштеп таңбайды, жоқ олар энергетикалы... олар энергиялық көріністермен енеді. Қазақтар айырбасқа ештеңе алмастан, қолдағысын бере салуға бейіл». Қазақ этносы өздерінің шекті межелерінен айырылып, өздерінің ерекше қасиеттерінің арқасында «барлығына», тұтас «әлемге» айналатын сияқты: «Қазақтар (ұлыс),  «сақ-түрік өте ежелгі (көне), халық ол қазып алып, жарыққа шығарған пайдалы қазба сияқты. Олар қоршаған дүниеге қатысты ақжарқын қатынасты, толеранттықты (төзімділік) сақтаған. Мен жалпы, қазақтан өткен толерантты адамдарды білмеймін». Қазақтар этнофутуристердің пікірі бойынша, қайсыбір «мессиандық» халыққа айналады да, дүниені жаңа өркениетке қарай жетелейді.

Этнофутуристік дискурс, сондықтан этностықтың шектеулі, анық болуын күдікке ұшыратады да, этностықтың «орнын» жалаңаштап, оны жалпы барлық этностық көрністерден босатады.  Этнофутуристік дискурс этностықты ашпайды. «Бөгдені» «қырнауға» және бүркемені ашуға (архетиптік) ашуға тырысқан  этнофутуризм этностықтың шынайлығын жояды да, оны қайсыбір мінсіз үлгімен ауыстырады. Осындай үлгі нақ сол этностық «тереңдегі» ретінде көрсетіледі. Этностық жарқын бейнелермен берілген шектен тыс (гипер) шынайылыққа айналады, солардың бірде-біреуі этностық емес. Этностықты шекаралық –меже ретінде алып тастайтын этнофутуризм бүкіл дүниені этностыққа айналдыруға, оны нұсқадан инварианттыққа (өзгермушілікке) өзгертуге тырысады. Соның нәтижесінде ол дүниені этностықтан босатып, орнына бос орын қалдырады. Соңғысы этнофутуризмнің тікелей мақсаты болып табылады- қайсыбір мазмұннан босатылған, этнофутуристік тұжырымды маңыздандыруға арналған кеңістік. Тұжырымды шынайылық ретінде көрсету үшін, этнофутуристердің пікірі бойынша, сәйкес «технологиялар» қажет. «Қазір әңгіме жаңа технологиялар, ежелгі технологиялар туралы қозғалуда, олар осы топырақта бар, жер соларды, қайсыбір ақпаратты сақтаған. Әрі осы ақпарат адамдарға болашаққа өз қаблеттерін ашуға көмектеседі. Міне біздің тобымыз да осы жаңа» дыбыс-бейне- дигиталды технологияларды пайдаланады. Жұрт мұны «перформанстардан» сезеді... Біз осы саладағы қоңыр үнді зерттеумен айналысамыз, стихияны (табиғат құбылыстарын), яғни желді, жерді, суды, зерттейміз, соларды қосқан кезімізде, әйтеуір бірдеңе шығады... Біз шығармашылығымыз арқылы кеңістікті өзгертеміз, уақыттық межелерді өзгертеміз. Біздің музыкамыз, біздің өнеріміз, стандартар графикасы, пластика (үндестік)... Оны ешкім де нотаға жаза алмайды, өйткені ол жанды, спонтанды, жұмбақ нәрсе. Оның аса қуатты терапиялық (емдік) әсері бар». Алайда мұндай «технологиялар» ережелер мен қағидаларды ұйғармайды-ол «жоқтан шынайылық алу»: «Ештеңе де жоқ, біз ән айта бастаймыз... нотамыз да жоқ, біз музыка жасаймыз, біз пластика жасаймыз, солардың барлығын графикамен, кескіндемемен қосып, жанрларды біріктіреміз. Біздің музыкамызды ешкім де нотаға түсіре алмайды. Бәрі спонтанды (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерден болмаған). Осы транс-медитациялық әсер этнофутуризмнің бағыттарының бір болып табылады. Қазақтың тойларында да осыған ұқсас әлдебір нәрсе болады. Біз осы дәстүрлі әрекет-әсерді бүгінгі заманға ауыстырамыз».
Этностықтың «бостығы» әрқашан жасырын, ғайып болуды шақыратын бейнелер тасқынының көрінушілігімен және қайсыбір шынайылық - болмыс пайда болуы мүмкін «орынның» өзімен бүркемеленген. Шынайлықты жасау технологиясымен шынайылықты ауыстыру этностықтық үзінділерін жіктеуге саяды, олар этностықтың өзі, шынайылықтың өзінен гөрі анағұрлым «шынайы» ретінде елестеп, комбинаторика әрекетінде қосылады.
Этнофутуризм этностықтың үлгілерін жасайды, бірақ ол өзін осы үлгілерден танымайды, өйткені ол өзі құрастыратынын байқамастан «тереңдік қат-қабаттарды» ашуға тырысады. «Жусан исі», көшпелілердің ежелгі ата-жұрты, «бастауларға қайта оралу» туралы жаңа нысандарда айтқанда, этнофутуризм этностықты гипернақты (асанақты) технологиялық тәсіл жасайды. Осы бос кеңістікте шығармашылық жоқ, өйткені «туынды жасайтын субъект», оның «ашықтығының» орнына «тереңдік қат-қабаттарын» орналастыру үшін шеттеуге мәжбүр. Осы «орында» сондай-ақ объекті де жоқ, яғни этнофутуристік дискурс бағытталған этностықтың шынайылығы, себебі этностық өзінің тұжырымдылығын айқындап, этнофутиризм дәріптеледі де, ол елеусіз этностық дәстүрлердің онсыз да тым көмескі іздерін өшіреді. Этностық әлі орындалмаған, бірақ жүзеге асуға шақ қалып тұрған үмітке, болашаққа айналады. Этнофутуризм – этностыққа деген үміт, «болуы тиіс» нәрсені жүзеге асыруға ұмтылу. Технологиялық «дәстүрлі эстетикалық нысанмен» ашылатын «тиісті» - «тереңдік» идеясы – домбыра қайта оралу қажет «тамырлардың» айқын бейнесін көрсететін этностықтың тұсаукесері. Этностың үлгілері, киіз үй, домбыраның жартасқа салынған суреті, архетиптер этнофутуристік дискурстың кеңістігінде құрастырылғандықтан, ол өзін «қазіргі», нақты ретінде танымауға және өзінің қолданылуын «болашақ» үмітінің саласына шегіндіруге мәжбүр. «Жобалау» дискурсы (этнофутуризм этностықтың «болашақ» жай -күйі ретінде) – этносты дәстүрлер субъекті, яғни белгілі бір «архетиптік» (психикалық) сипатамаларды таратушы ретінде ұйғарады. Этнос сарапшылары ол туралы не жазып, не айтқандарына қарамастан, этностық қызметті іске асыратын «тұлға» ретінде көрінеді. Этнофутуристік тұжырым, этностың «болуы тиіс» шамадан «қазір басқаша» екенін ашып, бұл жағдайды этностық шынайлықтың («қазіргі») «жетіспеушілігімен», этностық төл ерекшеліктерді «бұрын» тұншықтырумен, өзіне қаланған әлеуетті дамытуды жүзеге асыруға «үлгермеуімен» түсіндіреді, өйткені этнос басқа халықтардың билігіне тым ерте бағынды. Осыған байланысты «болашақты» құрылымдау «қазіргінің» шалалығының өтеміне айналады. Этнос, этнофутуризм аспектінде «қазіргінің» үзінді этностығының болуындағы санасыз тұтастығын пайымдайтын «психолизм» позициясынан көрінеді. Этнофутуризмнің түпмәтінінде этнос «психикалық талдауға» тартылады, ол этностықтың әрқашан «жасырын», «тереңдегі қат-қабатын» сыртқа шығарады, демек, өзінің «ашылуы» үшін «мамандардың» араласуын талап етеді. «Психикалық талдауға» қатысты көпе-көрінеу үрдісті ашқан этнофутиризм этносты «науқас» ретінде көреді, оны емдеу «психихалық энергиядан» арылуды талап етеді. Этнофутуризм теорияшылары қазақ этносының ұқсастығын белгілейтін ерекше «психотипін» айқындайды. «Қазақтарда өркениетті қоғамға – көнеліктен өркениетке өту кезеңі болды. Әрі этнос жолда, жарты жолда тоқтап қалды, осы тұстан, сонда, қайсыбір қозғалыс жүреді...». «Шынайы» этностық «өзінікі емес», бөгде нәрселермен қат-қабатталған «бүркемелі» (жасырын) ретінде қаралады да, егер басқаша жағдайда этникалықтың болуы мүмкін екенімен салыстырғанда «тазаруды», «оянуды», және «қайта жаңаруды» (өркендеуді) талап етеді... «Болашаққа» жобаланатын этностық «арғы-этностың», қайсыбір «этостық тазалықтың» құрылымы болып табылады, ол енді / әлі жоқ, «архетиптік» (этнофутуризм дискурсы) немесе «генетикалық» («қайта жаңғыру» «мәдени мұра» дискурсы) қайта қалпына келтірілетін «тереңдегі қат-қабаттар».
Сонымен, этностықты «таратушы» өз бойынан «бөтеннің» қабаттарында терең жасырылған белгілі бір «субстраттықты», атап айтқанда, этнофутуризм тұжырымдамалары ұсынатын бағдарламаларға сәйкес табуы тиіс. Ал «тазаруға», «қайта жаңғыруға» жататын нәрсе басқа ештеңе де емес, ол этностықты «таратушыларға» «мінез-құлықтың» ортақ ұжымдық ерекшеліктерін ұйғаратын ұжымдық субстанциялық, мән. Демек, «арғы этносты» жобалау, оны күтілетін «болашақ» ретінде ұйғару да, сондай-ақ «ұжымдық субъектіні» құрылымдау болып табылады, яғни этноцентризм дискурсына енді жаңа деңгейде қайта оралу – қазіргі заманғы этностық мәдениеттердің айрықшалығы туралы пікірсайыстар (дискуссия) саласында. «Тереңдегі қат-қабаттарға» және ежелгі күйге болжалды «қайта оралуға» этностық мәдениеттің үлгісі – жартасқа суреті салынған домбыра енді жоқ (өткен), әлі жоқ («болашақ») нәрсені үлкейтіп көрсетеді, «қазіргінің» нүктесі арқылы «қылаң берді»- құрылымдайтын субъектің орны. Соңғысы өзінің дербес тіршілігіне ие болатын, қайсыбір объективті (ұжымдық) «болмыс» ретінде өз ахуалын ашатын («өткен» мен «болашақ») «соқыр ақтаңдақ» болып шығады. Бұл жағдайда гипостаздау жүреді, этностық шынайылықтың жартастағы домбыра суреті – «іс жүзінде» бар нәрсенің тұжырымын өзгерту. Құрылымдаушы субъектінің болмауы, «орнында» өзін-өзі танымауы, этностықты құрылымдаудағы жартастағы домбыраның суреті оның «өткен» мен «болашаққа» «жылыстауын» және «қазіргінің» босауын, оның қайсыбір шынайылықтан айырылуын қамтамасыз етеді. «Қазіргі» («нағыз») этностық алдыңғы тіршіліктен кейінгі тіршілікке өтуді шексіз күтуге айналады, әрі шын мәнінде ол еш жерде және ешқашан болған емес. Осы ұшы-қиыры жоқ шексіз өту, немесе этникалықтың (этностықтың) қалыптасуы құр бекершілік болып шығады, өйткені этникалық ешқашан өз нақтылығына айналмайды, ешқашан өз шынайылығын ашпайды. Шынайылық болмағанда, этностық «өткен» мен «болашақтың» бейнелерімен ауыстырылады, олар көмескі этностықтың өзінен гөрі анағұрлым шынайы болып шығады да, оның гипершынайлығын (аса шынайлығын) қамтамасыз етеді. Жартастағы домбыра суретінің «қазіргі» (нағыз) этностықты этникалық мәдениеттің («өткен» мен «болашақ») гипершынайы бейнелермен ауыстыру, этностық «орнын» бос етеді де, оның «жеткіліксіздігін» ашып, оны толықтыруды, қосымша құрылымдауды талап етеді, бұл тек құрылымдаушы субъектінің қатысуымен ғана жүзеге асады. Этникалық (этностық) дискурстар оны құрылымдайтын, өзін-өзі этникалық (этностық) ретінде айырудағы нышандық қатынасты тіркейтін субъект қана ашылады. «Этнос» ұғымында «өзінікі» / «басқа» - айырмашылық қатынасы біржола бекітілген, өйткені бұл ұғым осы қатынастан тыс қалыптаспайды. Сондықтан этникалық (этностық) дискурс осы бастапқы айырмашылық туралы пікір-пайым ретінде жүзеге асырылып, осы межені шексіз қайта жүргізетін тілдің қоңыр үні өзін-өзі рефлексиялау болып шығады. Айырмашылықты айту этностық туралы барлық айтылғандардың толық еместігін ашу, этникалық дискурсты жаңаша қарыштату қажеттілігін ұйғару болып табылады.
Этностықтың тілі қоңыр үн өзін-өзі ашу арқылы өзінікі мен өзгенің «іздерін» қалдыратын «қазіргіде» жүзеге асырылатын «өткен» -«болашақ» қатынастарының тұтастығы ретінде өзін-өзі ашады. Өзінің болу белгілерін ұйғаратын этностық дискурсы, өзінің шектілігін белгілей отырып, өз межелерінің айқындығы мен нақтылық аспектінде ұдайы сезіліп тұрады. Алайда, қалған («өткен») нәрсе бар («қазіргі») нәрсеге ұдайы сәйкес келе бермейді және ол келесі анықтамаларды («болашақ») талап етеді. Сонымен, этностықтың дискурсы қоңыр үн өзін-өзі қайта белгілейтін және көптеген этникалық құрылымдардан өзін-өзі ашатын тіл болып табылады.
Этностық «қазіргі», «ағымдағы» тұрлаусыздық (белгісіздік) ретінде мағыналарға ие болады, өзін-өзі ұқсастыру немесе этникалық дискурсты өзіндік белгілеу үдерісінде этникалық туралы айтатын құрылымдаушы субъектінің пайымдық үлгілерінде мазмұнмен толтырылады. «Қоңыр үн» дәстүрі оны айтқанда, оны түсінуге ұмтылғанда ғана сақталады, ол өз кезегінде түсінушінің болуын ұйғарады. Этникалық дискурсы өзін-өзі этностықтың кеңістігін құрылымдау, оны «өткен» мен «болашақ» ретінде ашу үдерісінде жүзеге асырылатын түсінушілік жағдайында сезеді (таниды, біледі). Этностықтың белгілері («өткен» мен «болашақ») «қазіргідегі» межелерді ұйғару арқылы қолданылады. «Өзінікі»- «өзге», «өткен»- «болашақ» қатынастары ретінде айқындалатын этностықтың шынайылығы «қазіргінің» нүктесінде этникалық домбыраның қоңыр үн дискурсын қарыштату ретінде маңыздандырылады. «Өткен» мен «болашақ» белгілерінде (таңбаларында) бекітілген этностықты өз болуының «іздері» дәрежесінде ұйғарады да, ол қосымша пайымдау мен қайта анықтаудың ұдайы қажеттілігі ретінде жүзеге асырылатын өту серпінінде ғана сақталады. Өз таңбаларында (белгілерінде) толық айтылатын этностың әрдайым «жетіспеушілікті», «кемшілікті» бастан кешіріп, құрылымдаушының қатысуына мұқтаж қосымша (қайта) құрылымдауды талап етеді.
Этнофутуризм манифестінің эстондық авторларына сәйкес (оны 1994 жылы Мария Перль-Лыхмус, Юля Каукси, Андрес Хейнапуу және Свен жазды) *Зерттеу Д және К Макартурлар қорының қолдауымен жүргізіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496