Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде ауған проблемасына ерекше назар аудармақшы
Вена. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. Қазақстан 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде ауған проблемасына ерекше назар аудармақшы, деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
«Бүгіндері еуропалық қауіпсіздік ұғымы Еуразиялық ауқымды кеңістікті қамтып, континент аясынан асып кетеді. Осыған байланысты біз Ауғанстанға ерекше назар аудармақшымыз», - деді ол бейсенбі күні Венада ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінің отырысында.
«Бұл елдегі ахуалдың дамуын, - деп атап көрсетті Қ. Саудабев, - біз ғаламдық қауіпсіздік, лаңкестікпен, діни экстремизммен және есірткі саудасымен күрес тұрғысынан қараймыз». Осыған байланысты ол : «ЕҚЫҰ және барша халықаралық қауымдастық үшін маңызды міндет - ауғандықтарға соғыс қиратқан елді бейбіт, жасампаз және тәуелсіз, демократиялық құндылықтар мен ұстанымдарға негізделген қоғамға ауысуына көмек көрсету», - деп біледі.
СІМ басшысы «қаңтардың аяғында Лондонда өтетін Ауғанстанға арналған конференция бұл бағыттағы маңызды қадам болатындығына» үміті барлығын білдірді. Оған Қ. Саудабаев ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы ретінде қатыспақшы.

Ол, Ауғанстанға көмек аясында Қазақстан ауғандықтарды университеттерде бейбіт мамандықтарға оқыту бағдарламасын іске асырып жатқанын еске салды. «Бұл мақсатқа Астана 50 млн АҚШ долларын бөледі», - деді ол. «Осымен қатар, біз орта-азиялық мемлекеттердің периметрі бойынша Ауғанстан шекарасын нығайту, шекарааралық ынтымақтастықты дамыту, құқық қорғау жүйесін күшейту жобаларын іске асыру мен қосымша демеушілік қолдау көрсетпек ниеттеміз», - деп қосты Қ. Саудабаев.