Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 9264 0 пікір 18 Қаңтар, 2010 сағат 07:02

Алмагүл Бекжанова. «Айналайын баладан, тауып алдым даладан»

Әжелеріміз бұрын осылайша әндетіп әлди айтатын. «Айналайын баладан, тауып алдым даладан. Далада бала жата ма? Түсіп қапты шанадан».
Заманымыздың сұмдығы сол – қазір баланы «даладан» емес, қаладан, қаладағы қоқыс салатын қораптардың ішінен тауып алатын болдық.

Таяуда 102 телефоны бойынша Ақтөбе қаласының бір тұрғыны Жаманқұлов көшесі бойындағы күл-қоқыс төгетін контейнерлердің жанында дорбаға салынған нәрестенің жатқандығы туралы хабарлапты.
Келіп түскен ақпарат бойынша полиция қызметкерлері оқиға болған жерге шұғыл жетіп, бейкүнә сәбиді қоқыстардың арасынан тауып алады. Оқиғаға байланысты арнайы құрылған жедел- тергеу тобы туғанына бес күн болған шарананы Ақтөбе қаласындағы балалар клиникасына жеткізіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бірнеше күннен кейін сәбиді дүниеге әкелген әйелді де анықтайды. Ол Ақтөбе қаласында пәтер жалдап тұрып жатқан Қызылорда облысының тұрғыны екен.
Перзентханадан босанып шыққан жас қыз қолындағы сәбиін дорбаға салып қоқыс төгетін жәшіктің жанына тастап кете барады. Үйіне келген соң көңілдесіне баланы балалар үйіне тапсырдым деп жалған сөйлепті.
«Біз сәбидің анасы баладан бас тартпайынша есім қоя алмаймыз. Баланың денсаулығы жаман емес, дегенмен сәбидің ағзасын оңалту үшін қолдан келген көмекті аямаймыз»,- дейді Ақтөбе қалалалық балалар клиникасының бас дәрігерінің орынбасары Нұржігіт Мәкенов.

Қазір өз сәбиін далаға тастаған бойжеткен кінәсін мойындап отыр. Бүгінгі күні осы дерекке сәйкес, Қазақстан Республикасы ҚК 119 б. бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.
Айтпақшы, халқының санына «жетпей» жатқан Қазақстанда жан саны таға бір адамға артты. Әзірге оның есімі белгісіз. Әйткенменде шашып тастай беретін шақалағымыз аз болғандықтан да жоғарыдағы оқиғаны баяндап бергенді жөн көрдім...

Ақтөбе қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5393