«Шаңырақта» 150 үйді су басып қалды
Алматыдағы аты шулы «Шаңырақ-2» шағынауданынан тағы да шу шықты. Бұл жолы табиғат апатынан зардап шегушілер кімді кінәларын білмей дағдарып қалды. Өйткені мамыр жанға жайлы ай болмай шықты. Жиі жауған жаңбыр нөсерге ұласып, сай-саладан баспана салғандарды әбігерге түсіруде. «Шаңырақта» өткен бейсенбідегі жаңбыр суы шағынауданның жоғары тұсында орналасқан бөгетті бұзып кетіп, онсыз да әзер күн көріп отырған жүз елу үйде тұратын мыңдаған тұрғынды шырқыратып қойды. Сайдағы саман кесекпен салынған үйлер сыр берді. Олардың ішінде 40-тан астам баспана құлап қалды.
Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшыларының ақпараттарына қарағанда, Алатау ауданына қарасты «Ақбұлақ», «Дархан», «Шаңырақ-1» және «Шаңырақ-2» шағынаудандарында да су астында қалған жер телімдері жеткілікті. Олардың ішінде «Шаңырақ-2»-дегі жағдай елді елеңдетерліктей. Жасанды көлге жиналған 1 млн текше метр жағалауды жырып кеткен.

Ђкінішке қарай, былтыр да осы жерге ат басын бұрған әкімқаралар тосын апатқа даяр тұру үшін сайдың табанынан еңіске қарай құбыр тартатындықтарын айтқан еді. Амал қанша, бұл бастама аяқсыз қалған. Онсыз да нөсерлі күндері аяқ алып жүргісіз балшыққа айналатын сайға ендігәрі баспана салмауға кеңес те берілген. Бірақ тағы да үйлер бой көтере бастапты. Бұл жолы да олар су астында қалды. ТЖД мамандары таратқан мәліметтерге қарағанда, жасанды өзеннен төмен орналасқан 700 жер телімінің иелерін әлі де қандай тосын жағдайлар күтіп тұрғаны белгісіз.
Ең бастысы, түн ішінде көлдің су бұзған ернеуін тұрғындар өздері барып бекітіп, алғашқылардың бірі болып құтқару жұмыстарын жүргізген. Егер көл деңгейі ұдайы өлшеніп, сақтық шаралары жасалғанда, бұл оқиға болмас та еді.
– Бұл көлдің иесі белгісіз. Бақылаушылар да жоқ. Қауіпті аймақ саналатын жерде бес жылдан бері тұрамыз. Мұндай сұмдық болмаған еді. «Енді не істеу керек?» деген сұрақ туындайды. Әкімшіліктен мамандар келіп, қазір құтқару шаралары жасалып жатыр. Ең бірінші кезекте сайдағы су арнайы техника күшімен сорғызып алынып, үлкен арыққа ағызылуда. Осында келген әкімшіліктегілер Мәскеуден мамандар шақыртып, жердің кескіндемелерін анықтап, қосымша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік бағдарламаға енгізбекші. Қысқасы, сайдың табанына жиналған су ағып кететін құбырлар салынады. Көмекке келген азаматтарға рақмет, әкімшіліктегілер құлаған, жарамсыз үйлерді заңдастырып, нақты көмек беретіндіктерін айтты.
Қазір төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері түннің суық болуына байланысты тұрғындарды №26 мектепке апарып қондырды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етуде, – дейді жапа шеккен тұрғынның бірі Роза Мырзабекова.
– Менің жеті балам бар. Үйімізді осыдан бес жыл бұрын салған едік. Құжаттары заңдастырылған. Әкімшіліктен келгендер көмектесуге уәде берді. Содан үміттеніп отырмыз, – дейді Балғайша Жексембаева.
Су орып кеткен жағалаудағы кішкене ғана баспанасынан айырылып қалған жесір келіншек Оралай Бәйімбекованың «баспаналы» болғанына төрт жыл болыпты. Шындығы керек, заңдастырылмаған да. Соған қарамастан, аудандық әкімшіліктегілер ол кісіні де табиғат апатынан зардап шеккендер қатарына қосып, баспаналы болуына мүмкіндік жасамақшы көрінеді. Бұл да қолында билігі бар кісілердің үлкен азаматтығы екені даусыз.
Жұртқа бәрінен де сайды судан тезірек тазартып, үйлерін жөндеп алуларына көмек қажет болып тұр. Себебі баспанасы су астында қалған отбасылардың балалары әлі күнге далада жүр. Күннің салқындығы да тұрғындарға оңай тимеген сыңайлы. Алатау ауданының мамандары кешкілік аумақта палаткалар тігуді ұйғарыпты. Төсек-орындар таратылған. Қалалық құтқару қызметі автоматты электр қуатымен қамтамасыз ететін жабдық орнатқан.
Алғашқы күндері осында болған қала әкімі Ахметжан Есімов те көлдегі судың көлемін азайтып тұру үшін арнайы құбырлар салып, суды Бұрындай бағытында ағызып тұруға уәде етіпті. Қазір «РегионГидроСтрой» ЖШС жұмысшылары құбыр салуға кірісіп те кетті.
Жаны күйзелген жұртқа жәрдемдесуді жөн көрген «Шаңырақ» республикалық қоғамдық ұйымы да арнайы штаб құрып, жұртты АСАРҒА шақырып жатыр. Олар қайырымды азаматтардан азық-түлік, палатка, матрас, су, киім-кешек жеткізуді сұрайды. Бұл үшін арнайы құрылған штабқа
385-10-43, 385-10-44, факс 292-36-85, 8-700-32-31-8-31, 8-777-308-18-94 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ
“Айқын” газеті 27 мамыр 2009 жыл