Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2733 0 пікір 21 Ақпан, 2010 сағат 09:08

Дәурен Қуат. Тарт қолыңды, Терещенко!

Былтырғы жылдың мамыр айынан бастап қазақ жерін сату немесе жалға беру туралы әңгіме гулеп-ақ тұр. Бір ойланарлығы - жерді сатудың немесе жалға берудің жалпыға жария әңгімесін шығарып алып, артынан жасырынбақ ойнап отырған  биліктің өзі. Алдымен қазақ жері араб кәсіпкерелеріне жалға берілетін болды.
Естеріңізге сала кеткеніміз жөн: Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысумен өткен Астанадағы Қазақстан мен саудтық араб кәсіпкерлернің арасындағы форумда осы бір жайттың беті ашылды. ҚазТАГ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан шетелдік инвесторларға, оның ішінде саудтық инвесторларға 3,5 млн гектар көлемінде ауылшаруашылық жерлерін беруге дайын екендіктерін айтқан еді. Аталған ақпарат көзі бұл деректі ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің вице-министрі Арман Ебниевтің сөзіне сілтеме жасай отырып жариялады. 
- Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруашылық жерлерге жасаған сараптауларының нәтижесінде әр түрлі себептерге байланысты бүгінгі күнге дейін айналысқа енбеген 3,5 млн гектар жердің бар екендігі анықталды. Бірақ бұл жерлер ауылшаруашылығында айналыста болған жерлер және ол жерлерде негізінен ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және мал азығын өсіруге болады,- деген-ді сол кезде  Арман Ебниев.  

ҚазТАГ-тың хабарлауына сүйенсек, форум барысында саудтық бизнес өкілдері Қазақстан үкіметіне саудтық инвесторлар үшін экономиканың бірқатар секторларында жеке меншіктік құқық пен салықтық жеңілдік сұрап өтініш жасапты. Саудаға шебер саудтықтардың Мәсімов үкіметіне мұндай өтініш жасауында бір жіңішке себеп бар. Себебі, шетелдік инвестор Қазақстан территориясында заңды тұлғаны тіркеуден өткізсе,  жерлерді жеке меншігіне ала алады. 
Айтпақшы, 3,5 млн га жер тек арабтарға ғана емес, өзге де шетелдік инвесторларға жалға немесе жекеменшікке берілуі әбден мүмкін екендігі әлгі Мәсімов қатысқан форумда жария болған еді. Содан қара күз түсе «жер соя өсіру үшін қытай дихандарына жалға беріледі екен» деген сөз бұрқ ете қалды.
Бұл сөз Қазақстан қоғамында саяси сілкініс тудыра жаздады. Әлгіндей деректің шетін шығарып алып артынан шынымен сасқан билік «қытайға жер сатылады» деген «қауесет таратушының» бәрін ұстап қамауға пәрмен қылған. Сөйтіп, «қазақтың жері қытайға жалға берілуі ықтимал» деген әңгіменің басы ашылмай, «жабулы қазан жабулы күйінде» қалған сияқты еді, енді, міне, Израильге іс-сапармен барған бұрынғы премьер-министр Терещенко жер телімдері жөніндегі жағымсыз жайтты тағы да жаңғыртып оралды.          
Те ұсынады
«IzRuS» ақпаратына сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ тілшісі С.Терещенко «израильдіктерге тамшылап суландыру технологиясын ендіру мақстында Қазақстанан ірі жер телімдерін сатып алуды немесе жалға алуды ұсынды» деп хабарлайды.

- Неге сонша маған қадалып қоймадыңыз? Бұл тек әңгіменің басы ғана!- деп дүрсе жауап қайырады Терещенко ҚазТАГ тілшісі қойған кейбір «қолайсыз» сұрақтарға орай. - Иә, бейрсеми кездесу болды және біреу бұл жайында жазған көрінеді. Израильдіктер әзірге Қазақстанның жерін қандай шарттармен жалға алатындығына қызығушылық танытқан жоқ. Біз оларға өздерінің технологиясын ендіру үшін бірлескен кәсіпорындар құруды ұсындық. Ал сізге не керек? Израиль азаматтары Қазақстанның жерінде бұрыннан бері жұмыс істеуде.
Еліміздегі ірі жер алпауыты Терещенконың айтуынша, израильдіктерге Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан 500 гектар жер күні бүгін  беріліп қойғанға ұқсайды.
«Олар Оңтүстік Қазақстан облысында, Арыста қазақстандық компаниямен бірге 500 гектар жерді өңдеуде», - деп өз сөзін  нақтылай түседі С.Терещенко ҚазТАГ тілшісімен жауаптасуының барысында.
Ресми Астана аяқ тартқан мәселеге Терещенко тіпті қыңбайтындығын да жасырмастан ҚазТАГ тілшісіне және былай депті:
-    Израиль кәсіпкерлері әзірге жалға қанша гектар жер алатындықтарын білмейді. Қытай диханшыларына қатысты әңгімеден соң қазір барлығы жерді жалға алудан бастарын ала қашады. Енді ешкімнің жерді жалға алғысы келмейді! Бірақ олардың неден қорқатынын білмеймін?..
Жерге жекеменшік формасын енгізіп, өкіметке заң шығартып, миллиондаған гектар аймақты бауырына бүктеп басқан Терещенко, Кулагин, Мадинов бастаған шонжарлар жерді жалға берудің нәтижесінде байлыққа кенеле түспек. Әрине, шетелдік инвесторлармен бірге ауылшаруашылығына жаңа технология енер. Жұмыс көздері ашылып, жер еміп пайда табудың жолдары көбейер. Алайда, соның бірі қазаққа жұға қояр ма екен? Неге десеңіз, қазақта жер жоқ. Жерді жалға алып отырғанының өзі некен-саяқ. Жердің шұрайлысы Терещенко мен Мадиновте. Демек, инвесторлардың қызығын да алдымен солар көреді. Солар қазір қазақ билігіне   ықпал ете  отырып қазақ жерін саудаға салып аршындай түсуге әбден бел буған секілді. Биліктің терещенколарға «білгеніңді істей бер» деген пейілін танғындықтан да біз баябан байтақ өлкемізден «тарт қолыңды!» деген талабымызды ғана ескерте аламыз. Оған. Қазақ жерін ит сүйреткен терідей етпек ниеті бар Терещенкоға!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3332
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6093