Шәку Ботақара. Орысша білмесең орныңды босат!...
Қазақ тәуелсіздік алған сәттен бастап, Отанға 2-млн.нан астам қазақ оралыпты. Бұл жайт демографияға сөзсіз дем берді. Жарағаны отау тігіп, қазық қақты. Бірақ қазақтың отаны Қазақстан болған соң қандастарымыз қаңғып қайда барсын!? Ең бастысы Алтайдан ағылған көш алдымен елдегі титулды ұлттың қарасын көбейткені рас. 1991-жылы Қазақстандағы қазақтың саны 7 млн. 73-мың адам болған. Ал соңғы санақ қазақтарды 10-млннан асты деп жатыр. Бұл әрине, көңіл көншітерлік көрсеткіш. Бірақ, осы жылдар ішінде оралман мәселесінің оңып кеткені шамалы. Азаматтық алу, квота және жұмысқа орналасу мәселесі қазақ азат болғалы сағызша созылып келе жатыр. Мәселе әлі өткір болса да әйтеуір өтірік күйбең. Жат жұрттан жаңа келіп, оң-солын әлі танымаған қаракөздер тек қана паспорт алу үшін, түк болмады дегенде 6 ай аяғынан таусылып, анықтама жинайды. Қаптаған қағазбастылық. Бұл өз еліне оралған қазақты күтіп тұрған проблемалардың бір парасы ғана. Оралманның сіңісіп кетуіне кедергі болып тұрған кереметтің ең біріншісі - тіл мәселесі. Атап айтсақ, орыс тілі.

Парамоновка ауыл мектебінде 15-жыл еңбек еткен, тәрбие ісінің меңгерушісі Жанаргүл Ариддинқызына (суретте), жаңа келген мектеп директоры Салатант Досжанова «орысшаң нашар» сондықтан, орныңды босат -деп, үкім шығарады. Директор ханымның пікірінше, «Тәрбие ісі болсын, оқу ісін меңгеретін адам екі тілді бірдей меңгеруі міндет». Былайша айтсақ, Қазақстандағы қазақ «Иваннның» тілін білмесе мемлекеттік қызметке орналасуы етуі екі талай. Сорақысы сол, осындай озбырлыққа жол беріп, орыс тілінің сойылын соғып жүрген өзге емес, өзіміздің қара көз екені өкінішті-ақ. Моңғолия елінен оралған қандастарымыз көптеп қоныстанған Парамоновка ауылы осыдан кейін, екіге бөлініп шыға келді. Біреуі оралман болса, қалғаны «местныйлар». Ашық айқасқа шыққан Досжанова діттегеніне жетті. Нақақтан нақақ жала жабылып жұмыстан қуылған Жанаргүл, енді не орысша үйренерін, не сотқа барарын білмей дал болды. Ай күннің аманында өз елінде қуғын-сүргінге ұшыраған ұстаз білім және ғылым министірлігінен бастап, барлық құқық қорғау органдарына хабар берген. Барлығы бір ауыздан, бұл шулы мәселені тек қана сот шеше алатынын айтады. Істі қараған Ақсу қалалық сотының судьясы Ыбраев Нұрлан, бар жоғы екі күннің ішінде шешім шығарды. Жанаргүл өз қызметіне қайта оралды. Ал, өз қызметін асыра пайдаланып, қол астындағы жұмысшыларына тісін батырған Досжанова ханым басқа жерде тағы да осыны қайталамасына кім кепіл!? Осыдан кейін амалсыз таң қалып, таңдай қағасың. Математика тілімен айтсақ, қосылғыштардың орыны ауысқанымен, қосынды өзгермейді. Бұл аксиома. Білегін көрсеткен басшыны біліммен жыққан Жанаргүл жеңіске жеткеніне дән риза. Бұл орайда, Ақсу қалалық білім бөлімі өз ішіндегі іріңді өз күшімен емдеуге дәрменсіз екенін көрсетті. Іс осымен тынды. Жанаргүл жеңді. Жасыратыны жоқ, әзірге отаным деп келген оралмандар туралы оң пікір қоғамда қалыптаспай отырған сыңайлы. Әлде, қалыптастырғымыз келмейтін секілді ме, қалай өзі?..
Кереку.