Амнистия: Қазақстанда 2 мыңнан астам адам босатылған
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай 2025 жылы жарияланған амнистия аясында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам босатылған.
ҚАЖК дерегінше, елдегі соттар шамамен 16 мыңға жуық арыз-өтінішті қараған. Нәтижесінде 11 мыңнан астам азаматтың жаза мерзімі қысқартылған. Бұдан бөлек, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға қатысты материалдар қаралып, 2,9 мыңға жуық адам жазаның қалған бөлігін өтеуден босатылған, тағы 7,6 мыңнан астам адамның жаза мерзімі азайтылған.
Амнистияға кәмелетке толмағандар, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдер, аяғы ауыр әйелдер, қарт адамдар және мүгедектігі бар жандар ілінген.
Амнистия тек онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасап сотталған адамдарға қолданылды. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар, сыбайлас жемқорлық, экстремизм мен терроризм айыбымен сотталғандар, кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар, азаптау айыбымен жауапқа тартылғандар, сондай-ақ қайтадан қылмыс жасап сотталғандар амнистияға ілінген жоқ.
Дереккөзі: Азаттық радиосы
Abai.kz