Қазақ деп қасық қаны қалғанша қырқысқан Кенесары Қасымұлының алып жүрегі дамылдаған жыл
1847 жыл... Қазақ деп қасық қаны қалғанша қырқысқан Кенесары Қасымұлының алып жүрегі дамылдаған жыл. Ханның сүйегі қырғыз-қазақ шекарасында қалғанымен, бас сүйегі бүгінде Ленинградтағы Эрмитаждың көп экспонаттарының бірі ғана болып тұр. Осы жайт арқасына аяздай батқан зиялы қауым өкілдері «Кенесары ханды қайтарамыз» қозғалысын құрды. Аталмыш қозғалыстың құрамына Ғазиз Алдамжаров, Дос Көшім, Геннадий Беляков, Нұрлан Әміреқұлов сынды ұлтшыл азаматтар кіріп отыр. Кенесары ханның бас сүйегін кері қайтару арқылы ұлттық рухымызды асқақтату - міне, мақсат! Ендігі жерде қозғалыс жетекшілері бірнеше миллион қол жинап, Ресей басшылығына хат жолдамақ. Мұндай талпыныстардың бұрын да болғаны белгілі. Мысалға, 2009 жылдың 27 ақпанында елу шақты адамның қолын жиған үндеумен ел зиялылары Елбасына шыққан болатын. Нәтиже жоқ. 1994-1995 жылдары Манаш Қозыбаев ағамыздың да тауы шағылған болатын. Қазіргі қозғалыстан не қайран болар екен?