Болат ӘБIЛЕВ: Мемлекет басшысы отбасының абыройын қорғауға мүдделi
Соңғы кездерi бiздiң iшкi саясатымыздың күн тәртiбi толайымен тек қана жаһандануға, яғни Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қалай төрағалық етiп жүргенiне, Қазақстанның егiстiк жерлерi мен мұнай кен орындарын Қытайға беру жөнiндегi пiкiрталасқа, Кедендiк одақ туралы айтыс-тартысқа арналып кеткендей. Осы мәселелер төңiрегiнде және өзге де саяси-қоғамдық тенденциялар хақында «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбiлевпен (суретте) әңгiмелескен едiк.
- Ел президентiнiң отандық кәсiпкерлермен кездесуi бұрынғы бизнесмен ретiнде сiзге қалай әсер еттi? Елбасының отандық кәсiпкерлердi опасыздығы, тым тайраңдап кеткенi үшiн кiнәлап, оларды «ендi келiп қой аузынан шөп алмайтындай момақанси қалуын...» деп сынауы қандай әсер қалдырды?
- Елбасының шетелдiк инвесторлармен жүйелi түрде өткiзетiн жиындарымен салыстыра қарасақ, бұл жиын маған өте жағымсыз әсер қалдырды. Тiптi, қатты қорландым. Әлi есiмде, Мәжiлiстiң депутаты болып жүрген кезiмде Отандық бизнесмендердiң кеңесiн құру туралы президентке ұсыныс жасадым. Ол келiсiмiн бердi, сонымен 2001 жылдың шiлде айында президенттiң отандық кәсiпкерлермен кездесуi өттi. Бiрақ, президент кәсiпкерлердi қолдаудың орнына, бұл жиында өзiнiң күллi елге тарап кеткен әйгiлi сөзiн айтты: «Мен сендердiң кез-келгенiңдi қолыңнан жетектеп сотқа сүйреп апара аламын...»
Соңғы кездерi бiздiң iшкi саясатымыздың күн тәртiбi толайымен тек қана жаһандануға, яғни Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қалай төрағалық етiп жүргенiне, Қазақстанның егiстiк жерлерi мен мұнай кен орындарын Қытайға беру жөнiндегi пiкiрталасқа, Кедендiк одақ туралы айтыс-тартысқа арналып кеткендей. Осы мәселелер төңiрегiнде және өзге де саяси-қоғамдық тенденциялар хақында «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбiлевпен (суретте) әңгiмелескен едiк.
- Ел президентiнiң отандық кәсiпкерлермен кездесуi бұрынғы бизнесмен ретiнде сiзге қалай әсер еттi? Елбасының отандық кәсiпкерлердi опасыздығы, тым тайраңдап кеткенi үшiн кiнәлап, оларды «ендi келiп қой аузынан шөп алмайтындай момақанси қалуын...» деп сынауы қандай әсер қалдырды?
- Елбасының шетелдiк инвесторлармен жүйелi түрде өткiзетiн жиындарымен салыстыра қарасақ, бұл жиын маған өте жағымсыз әсер қалдырды. Тiптi, қатты қорландым. Әлi есiмде, Мәжiлiстiң депутаты болып жүрген кезiмде Отандық бизнесмендердiң кеңесiн құру туралы президентке ұсыныс жасадым. Ол келiсiмiн бердi, сонымен 2001 жылдың шiлде айында президенттiң отандық кәсiпкерлермен кездесуi өттi. Бiрақ, президент кәсiпкерлердi қолдаудың орнына, бұл жиында өзiнiң күллi елге тарап кеткен әйгiлi сөзiн айтты: «Мен сендердiң кез-келгенiңдi қолыңнан жетектеп сотқа сүйреп апара аламын...»
- Шынында да, дәл солай болды ғой...
- Одан берi де тоғыз жыл өттi ғой. Қарап отырсам, президенттiң отандық кәсiпкерлерге деген көзқарасы еш өзгермептi. Кәсiпкерлер ел президентiнiң алдына «капуста турау» үшiн емес, өз елiмiздiң жағдайын жоспарлы түрде жөнге келтiрудi ойласып алуы үшiн келдi ғой. Жоқ, сол бұрынғы өктем дауыс, бiреудi айыпты етiп шығару, жекiру, қасақана кiнәлау. Оның тек «мен Қазақстанда олигархиялық капитализмдi болдырмаймын» деген бiр ғана сөзiнiң өзi неге тұрады?! Құдай-ау, дәл қазiр Қазақстанда олигархиялық капитализм әбден қалыптасып, шығар шыңына шығып болды ғой. Отандық бизнестi бұрышқа қуып тыққан да осы олигархиялық капитализм емес пе?! Президенттiң саясаты мен күш-жiгерi ғой бiздегi олигархиялық капитализмдi қалыптастырып отырған!
Ендi «тым тайраңдап кеттi» деген ескертпесiне келейiн. Алды-артын машиналармен қоршап, қаптатып қарауыл ертiп жүретiн кiмдер? Бюджеттiң ақшасын төгiп-шашып жеп жүрген шенеунiктер. Бұлар қазiр «Ландкрузерлерiңдi» менсiнбейдi, тек «Бентлиге» мiнедi. Мұның бәрiне бұлар ақшаны қайдан тауып отыр? Мемлекеттiң есебiнен күмәндi және көлеңкелi iс-әрекеттерге барып, содан қыруар пайда тауып отыр. Мұны БТА-банктiң бұрынғы басшысының бiздiң құқық қорғау органдарына жолдап отырған сыбайлас жемқорлық жөнiндегi құжаттары да растайды.
- Президенттiң отандық кәсiпкерлердiң өкiлдерiмен өткiзген осы жиында көңiлсiз болғаны да сондықтан ба?
- Әбден мүмкiн. Шынында да, бiз бұл жиында шаршаған, кiнәмшiл президенттi көрдiк. Отандық кәсiпкерлердiң мәселелерiн шешудiң орнына, оларды ықтырып алуға, мына елде кiм қожайын екенiн тағы да еске түсiрiп қоюға тырысты. Отандық кәсiпкерлердi де өзiм «тудырдым», ендi олардың қалай өмiр сүретiнiн, тағдыры қалай болатынын да өзiм шешем деген сыңай байқалды. Бiр жағынан, мемлекет басшысын түсiнуге де болады. Оны осылай деуге мәжбүрлеп отырған - тағы да өзiнiң туыстары. Мұхтар Әблязов жария еткен материалдарға көз салыңызшы, материалдардың барлығында да президенттiң ортаншы күйеубаласының аты-жөнi жүр. Мемлекет басшысы тағы да отбасының абыройын қорғауға мүдделi болып отыр. 2001 жылы оның үлкен күйеубаласын қалай қорғағанын бәрiңiз де бiлесiздер. Сондықтан да бұлар қорғану үшiн бұл жолы да қарсы шабуылға көштi. Өйткенi, «қорғанудың ең дұрыс жолы - шабуыл». Шабуылға шыққанда да бұлар Мұхтар Әблязов жариялаған құпия құжаттарда аты-жөнi аталған бас қаһарманға емес, сол құжаттарды жариялаған авторға, яғни М.Әблязов пен кезiнде Әблязовтi қорғағандарға қарсы шабуылға шықты. Әйтпесе, «Нұр Отанның» қолбаласы Перуашевтiң арандатушы мәлiмдеме жасап, соншама көкитiндей не жөнi бар? М.Әблязов бiздiң елiмiзге жау болғандықтан емес, керiсiнше, елiмiздiң мүддесiн ойлағандықтан осындай әрекеттерге барып отыр емес пе!
Кезiнде Путин айтпап па едi: «котлеттiң мәселесiн - бiр бөлек, ал сол котлетке қонған шыбынның мәселесiн бiр бөлек шешейiк!» деп. Бiздiң дәл қазiргi жағдайымызда да Мұхтар Әблязовтiң жағдайын - бiр бөлек, Қазақстанның мыңдаған кәсiпкерлерiнiң проблемаларын - бiр бөлек қарастыруымыз керек едi. Бiз мұның бәрiн мидай араластырып жiбердiк, сондықтан да отандық кәсiпкерлер билiкпен «тiкелей араласудың» орнына, мемлекет басшысымен болған кездесуден үрейленiп, отандық бизнестiң тағдырына күмәнданып шықты. Әсiресе, президенттiң бизнесмендерге «саясатқа араласпаңдар!» деген сөзiнен кейiн. Сонда қалай, «саясат дегенiмiз - экономиканың шоғырланған, жиынтықталған бейнесi» деген белгiлi ұғым барлық елге жүредi де, тек бiздiң елге ғана жүрмей ме?! Бiздiң мемлекетiмiзде бизнесмендердiң қоғам мен елдiң тiрлiгiне араласуы, қатысуы, президент астарлап әрi екiұшты етiп айтқандай, «жоғалып кетумен» парапар екен. Ал ендi «Нұр Отанға» демеушiлiк жасап отырған елiмiздегi iрi бизнестiң «жоғалып кетпей», көркейiп жатқанын қайда қоямыз...
- Бiздiң бүгiнгi оппозиция туралы интернеттен «араласпайтын, килiкпейтiн жерi жоқ» деген пiкiр оқыдым. Шынында да, бұл «Ауланы кiм жинайды? - Мен!», «Ет комбинатына көмекке кiм барады? - Мен!» деп шыға келетiн кейiпкерi бар фильмдi еске түсiретiн сияқты. Өз елiмiз бен оның азаматтарының көкейкестi мәселелерi бастан асып жатқан кезде, сiздердiң партияларыңыздың ауаны бөлек мүлде басқа мәселеге, мысал үшiн айтайық, Қазақстанның өзге елдермен қарым-қатынасы мәселесiне соншама шұқшиятыны қалай?
- Егер мәселе шынында да өте көкейкестi болмаса, бiз бұған назар аудармас та едiк. Бiздiң қарсыластарымыз «Азат» партиясы «Қытайға жер беру мәселесiне, сондай-ақ Қазақстанның Кедендiк одаққа кiруi туралы мәселеге қарсы шығу арқылы арзан бедел жинауға тырысуда» деп жүр. Ал ендi ақиқатына келер болсақ, «Азат» ЖСДП-ы өзiнiң әдеттегi мiндетiн атқарып жүр. Кез келген өркениеттi елдi алыңызшы, оларда аса маңызды проблемаларды бүкiл халық болып талқылау - қалыпты жағдай. Ал бiзде ше? Халықпен ақылдасып-келiспей-ақ Ақорда өз бiлгенi бойынша шешiм қабылдай бередi. Есiктерiн тас бекiтiп алып. Сондықтан да бiз Ақорданың шешiм қабылдамастан бұрын халықтың талап-тiлегiмен есептескенiн жөн көремiз.
- Ел басшылығының оппозицияның қарсылығына түрлiше қарайтыны да рас. Мәселен, Қытайға егiстiкке жер беру жөнiнде үкiмет оппозицияның қарсылығын қабылдап, бұл мәселенi тоқтатты, ал Қазақстанның Кедендiк одаққа кiруi жөнiндегi мәселенi билiк тек өзi ғана шештi. Және «бұл - Қазақстан үшiн өте пайдалы» деп алдын-ала тон да пiшiп қойды. Премьер-министр К.Мәсiмов осы мәселеге байланысты пiкiрталастарды тоқтатып, «Қазақстанның кедендiк одаққа кiруi - мемлекеттiң саяси шешiмi» деп мәлiмдедi...
- Сұрақ та дәл осы жерден туындайды. Қазiргi жағдайды дұрыс есептемеуден, дұрыс бағалай алмаудан туған мұндай «саяси шешiм» кiмге керек? «Дәл қазiр бiздiң Кедендiк одаққа мiндеттi түрде кiруiмiз керек!» деген мәселенi жан-жақты дәлелдеп, оны ғылыми тұрғыдан негiздеп берген кiм бар? Бiз асығыстық жасадық. Бұл жерде шикiзат өндiретiн қазақстандық компаниялардың мүддесi ғана (өз өнiмдерiн сатқаны үшiн салық төлемейтiнi) ескерiлген сияқты. Ал қалған мәселелер бойынша қатты ұтылдық...
Иә, бiздiң өнiм өндiрушiлер орыстар мен белорустардан кем емес. Олар мұны әлi-ақ дәлелдейдi де. Сондықтан да бiзге Кедендiк одаққа кiруге асықпау керек едi. Ал ендi Ресей мен Белоруссияның тауарларымен бiздiң тауарлар қалай бәсекелесе алады? Тауарды шығаратын кiм? Негiзiнен, орта және шағын бизнес. Ал бiзде орта және шағын бизнестiң дамуына ешқандай жағдай жасалып отырған жоқ. Бүкiл ТМД кеңiстiгiнде орта және шағын бизнеске қамқорлық жасау жөнiнен Қазақстан көштiң соңында қалып келедi. Мәселен, Ресей мен Белоруссияда тауарды лицензиялайтын мемлекеттiк қадағалаушы орындардың саны - 100-ге жуық, Қырғызстанда - 50-ге жуық, ал бiзде бұлардың саны - 400-ден асады! Бiзде айдаһардай жаланып тұрған тексерушi органдар өте көп!
Ендi мынадай жайтқа назар аударыңызшы, сiз бұрын-соңды салық салушы және қадағалаушы органдарда жұмыс iстейтiн шенеунiктердiң өздерiнiң жалақысын көтеру жөнiнде талап қойғанын естiдiңiз бе? Бұлар ешуақытта мұндай талап қоймайды, өйткенi билiк күллi орта және шағын бизнестi осылардың жемiне айналдырып отыр. Бiздiң партияның үкiметтен орта және шағын бизнеске деген көзқарасты өзгертудi талап етiп отырғаны да содан. Ең алдымен, тексерушiлердiң санын күрт азайту керек және олардың тексеруге деген өкiлеттiлiгiн мейлiнше қысқарту керек, онан кейiн лицензияланатын тауар мен қызметтiң түрiн азайтқан жөн. Орта және шағын бизнестi 5 жыл мерзiмге салық төлеуден толық босату қажет, бұларға Ұлттық қордан әр жыл сайын 3 миллиард доллар жеңiлдiкпен несие берiп отыру керек.
Осы шараларды жүзеге асырғанда ғана бiз орта және шағын бизнестi дамытып, олардың тауарларының өзге елдердiң тауарларымен бәсекелесе алатын деңгейге жетемiз. Әйтпесе, бiздiң Кедендiк одаққа құр мүше болуымыз ештеңе де бермейдi...
- Айтпақшы, сiздердiң партияларыңыз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалауға байланысты арнайы қоғамдық кеңес құрды деп естiдiк. Шынымды айтсам, өз басым осы бiр әбден тұралап қалған саланы өлi нүктеден қозғауға болады дегенге мүлде сенбеймiн...
- Қозғалтқанда қандай! Қозғалтуға әбден болады! Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына әбден тұралап қалған сала деп қарамау керек (кезiнде кейбiр шенеунiктердiң ауыл шаруашылығына қарағаны сияқты). Бұл саланы шағын бизнестiң мүмкiндiгiн жүзеге асыруға болатын кеңiстiк деп қарау керек. Тұрғын үйдi жөндеу мен оған қызмет көрсету саласы - нағыз шағын бизнестiң еншiсi.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тек монополистердiң айтқанымен ғана жүрмеуi керек. Сонымен бiрге, бұл жерде «қоғамдық пiкiр», «монополистердiң iс-әрекетiне қоғамдық бақылау орнату» деген ұғымдар да көмекке келуi керек. Тек осындай көзқарас қана бүгiнгi күнi тұралап қалған осы саланы орнынан қозғай алады.
Қарап отырсаңыз, электр энергиясы, газ, ыстық су түпкi төлемақының 20 пайызын ғана құрайды, қалған 80 пайызы - әртүрлi делдалдардың қызметiне төленетiн ақы. Шын мәнiнде, мұның бәрi керiсiнше болуы керек. Қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына осындай көлеңкелi монополизм керi әсер етедi. Осыны жолға қою үшiн және осы мәселеге жұртшылықтың назарын аудару үшiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жөнiнде арнайы қоғамдық кеңес құрдық.
- Шағын және орта бизнестi қолдаумен қатар «Азат» ЖСДП-ы тағы да мұнай өндiрушi және тау-кен компанияларының барлығынан күллi жеңiлдiктi алып тастауды талап еттi. Бұл мәселеге неге дәл қазiр қайта оралдыңыздар?
- Қазақстанның тең бәсекелес емес жағдайда Кедендiк одаққа кiруi, билiктiң тек шикiзатқа деген соқыр қызығушылығы бiздi қатты ойландырды. Әсiресе, 1990 жылдардағы мұнай және металл өндiретiн шетелдiк компаниялармен көзжұмбай шарт жасасуларды еске түсiрiңiзшi. Ондаған жылдар бойы, тiптi қазiргi күнi де құпия болып отырған бұл келiсiм-шарттардың бәрi де халыққа қатты ауыртпалық түсiрiп тұр: экономикалық, әлеуметтiк саланың дамуына кесiрiн тигiздi, билеушi топты сыбайлас жемқорлыққа белшесiнен батырды. Бұл қашанға дейiн созылмақ? Бiз өзiмiздiң байлығымызды арзан жылтырақтарға айырбастайтын үндiс болғанымыз ба сонда? Ресей қанша қиындықты бастан кешсе де, өзiнiң бiрде-бiр кен өндiретiн компанияларын шетелдiктерге берген жоқ. Егер бiздiң елiмiздiң басшылығы болашақ ұрпақтың үлесiн ұрлап, оларды 110 миллиард доллар қарызға батырса, мұндай «табыстың» кiмге керегi бар?..
Сондықтан да Қазақстанның шикiзат жөнiндегi келiсiмшарттары ашық болуы, оны ел бiлуi керек. Бiздiң партия кен өндiретiн компаниялардың бәрiн бiрдей мемлекеттiң меншiгiне алу керек демейдi, бiрақ мұнай өндiретiн компаниялар Қазақстан мен оның азаматтарына деген өздерiнiң бұрынғы көзқарасын өзгертуi қажет. Әсiресе, салық төлеу жөнiнен. Ал Еуразиялық топ, Митталстил, Қазцинк, Қазақмыс секiлдi алып компаниялар сыбайластықтың салдарынан әбден семiрдi. Бұларды еркiнсiтiп қоюға болмайды. Бұлардың 51 пайыз акциясын - мемлекетке, ал 49 пайызын купондық жекешелендiру арқылы қазақстандықтарға беру керек!
Ресей сияқты бiз де мұнай мен металға экспорттық кедендiк салықты көбейтсек, бұл әр жыл сайын бюджетке ондаған миллиард доллар кiрiс кiргiзер едi.
- «Азат» ЖСДП-ы мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы куәлiк алды. Ендi сiздердiң партияларыңыздың алдағы кезектi қадамы қандай болмақ?
- 27 наурыз күнi «Азат» ЖСДП-ының кезектi съезiн өткiзбекпiз. Бұл съезде бiздiң бiрiншi кезекте тұрған мiндеттерiмiз талқыланады. Дәл осы күнi бiз бүкiлхалықтық шеру ұйымдастырамыз. Бағалар мен тауарлардың құнын көтеруге қарсы. Елiмiздi қилы олигархтар мен монополистердiң қанап жатқанына қарсы.
Ақорданың қазiргi тiрлiгiне қарасаңыз, Қазақстан халқының бүкiл назары құдды бiр ЕҚЫҰ-ға, ШОС-қа, ЕурАзЭС-ке ауып кеткен сыңайлы. Ал «Нұр Отанның» кейбiр пысықай шенеунiктерi Қазақстанға өмiр сүрудiң еуропалық стандартын ендiру туралы сөз қозғай бастады. Тап бiр Қазақстандағы жоқшылықты, кедейшiлiктi түп-тамырымен шешiп тастағандай!
Айналаңызға анықтап қараңызшы, Кеңес одағы тарағаннан кейiн Украинада - төрт президент, Ресейде - үш президент ауысты. Тек Қазақстанда ғана шексiз билеу шексiздiкке ұласып барады... Сондықтан да бiздiң партияның басты мiндетi - елiмiздегi демократиялық күштердiң басып бiрiктiрiп, осындай жолсыздықтармен күресудi онан әрi күшейту.
- Әңгiмеңiзге рахмет!
Әңгiмелескендер:
Мирас НҰРМҰХАМБЕТОВ («Свобода слова»),
Инга ИМАНБАЙ («Жас Алаш»)