Өткен тәуліктері Алматы мен Қостанай облыстарындағы жолдардан қар құрсауынан 78 адам мен 29 автокөлік құтқарылды
Астана/ Алматы. 15 наурыз. ҚазТАГ– Жексенбі күні Алматы мен Қостанай облыстарындағы жолдардан қар құрсауынан 78 адам мен 29 автокөлік құтқарылды, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.
Осындай құтқару амалдары Алматы облысының Райымбек ауданы Кегендегі №11-ші өртке қарсы күрес бөлімшесі мен автоцстерна АЦ-5,5-40 Урал көлігімен Кеген-Шалкөде автожолында қар құрсауында қалып қойған 7 жеңіл көлік, 5 жүк көлігі және ГАЗель автокөлігін, барлығы 49 адамды эвакуациялады. Олар ашық жерге шыққан соң ары қарай Кеген бағытында өз күштерімен қозғалды.
Осындай жағдайда Кеген-Жалаулы тас жолында қалған 2 жеңіл көлік пен 2 жүк көлігі де АЦ-40 Зил-131 автокөлігімен жолдың таза бөлігіне сүйреп шығарылды.
Қостанай облысында Қостанай – Қарабұтақ автожолының 279-ші шақырымында 7 жеңіл, 5 жүк көлігімен қар құрсауында қалған 25 адам қар құрсауынан құтқарылды.
Құтқарылғандардың арасында үсік шалғандар жоқ.