Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2319 0 пікір 18 Наурыз, 2010 сағат 06:03

«БТА банк» АҚ мен кредиторлар комитеті қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық талаптары туралы келісімге өзгерістер енгізді

Алматы. 17 наурыз. ҚазТАГ –«БТА Банк» АҚ мен кредиторлар комитеті қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық талаптары туралы келісімге өзгерістер енгізді, делінген сәрсенбі күні банк таратқан хабарда.

«Бүгін «БТА банкі» АҚ (бұдан былай – БТА банкі) және  кредиторлар комитеті 2009 жылғы 7 желтоқсанында қабылданған қайта құрылымдаудың негізгі шарттарына өзгерістер енгізу туралы келісімге қол қойды. Келісімде БТА Банктің коммерциялық қайта құрылымдау талаптарының қайта қаралуы көрсетілген», - делінген баспасөз ақпараттық парақшасында.

Құжатқа сай, қол қойылған келсім БТАбанкінің қаржылық кредиторлары үшін заңды түрде міндетті құжат болып табылмайды және бұдан кейінгі БТА банктің қайта құрылымдау үдірісі жалпы кредиторлар жиналысында қайта құрылымдау жоспарының мақұлдануына байланысты және одан кейінгі бекітулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотының бекітуімен жүзеге асады.

БТА банкі активтерінің көлемі жағынан қазақстанның банк жүйесіндегі екінші банк болып табылады. ҚБА деректеріне сәйкес, 2010 жылдың қаңтар айында банктің активтері - 2 трлн теңге, жеке капиталының тапшылығы – 1,48 трлн теңге болды. Аталған мерзімдегі банктің таза шығыны 2,1 млрд теңге болды. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарпайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ пайдасына мәжбүрлеп эмиссияланғаны туралы хабарланды.

2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтата тұратындығы және банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жоспары жайында хабарлады. 21 қыркүйекте банк пен кредиторлар комитеті арасында қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 26 қыркүйекте ҚБА БТА банктің нұсқасындағы банк қарыздарын қайта құрылымдау туралы жоспарды мақұлдады. 2009 жылдың 30 қазанында БТА банк акциялары KASE-де делистингтелді. 10 қарашадан бастап БТА банктің акциялары KASE-нің «листингті емес құнды қағаздар» секторында саудаға жіберілді. 7 желтоқсанда БТА банк кредиторлар комитетімен банктің қарыздарын қайта құрылымдау мәселелері бойынша келсімге келгенін хабарлады.

2009 жылы банк $4 млрд-қа міндеттемелерін төлеуі керек болған. Банктің бірлескен қарызы $12 млрд шамасында. БТА банктің қайта құрылымдау нұсқасы банктің қарыздарын өшіру (есептен шығару) арқылы $10,3 млрд кіріс көруін қарастырады. Қарыздары бойынша жеңілдік 60-82,25% мөлшерінде болады деп жобалануда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394