Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2811 0 пікір 19 Наурыз, 2010 сағат 04:08

Талдықорғандағы наркодиспансерде 40 адамның қаза болуына айыптыларды бас бостандығынан айырды

Талдықорған. 18 наурыз. ҚазТАГ – Талдықорғандағы наркодиспансерде 40 адамның қаза болуына айыптыларды қалалық сот шешімімен бас бостандығынан айырды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Судья Құралай Дарханованың шешімімен наркодиспансердің бас дәрігері Юрий Седов пен шаруашылық бөлім меңгерушісі Любовь Чухненкова абайсызда екі және одан да көп адам өліміне соқтырған өртке қарсы ережелердің сақталмауына айыпты деп танылды. 

ҚР ҚК-нің 256-шы бабы 2-ші бөліміне сай, Седов 4 жылға, ал Л. Чухненкова – 3 жылға, жазасын еркін қоныс колониясында өтейтіндей етіп бас бостандығынан айрылды.

Үкім әзірге күшіне енген жоқ. Сотталғандардың адвокаттары сот шешімін бұзу үшін жоғарғы сот сатыларына арызданып үлгерген жоқ. Наркодиспансердегі адам өліміне соқтырған өртке байланысты сот ісі үш айдан астам уақытқа созылды.

Бұрын хабарланғандай, 13-ші қыркүйекте таңертең Талдықорғандағы наркодиспансер өртке шалынып, нәтижесінде 40 адам қаза болды. Өрт басталғанда наркодиспансерде 78 адам болған. Олардың 38-і тірі қалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383