Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2627 0 пікір 19 Наурыз, 2010 сағат 04:11

22 құрылыс компаниясына тасқын су басқан ауылдарда 192 үй тұрғызуға рұқсат берілді – үкімет баспасөз қызметі

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Қазіргі уақытта 22 құрылыс компаниясына Алматы облысында тасқын су басқан ауылдарда 192 үй тұрғызуға сәулеттік жобалар берілді, деп хабарлады бейсенбі күні үкімет баспасөз қызметі.

«22 құрылыс компаниясына 192 үй тұрғызуға сәулеттік жобалар берілді. Құрылыс екі ауысыммен жүргізіліп, жазғы маусымда аяқталуы тиіс», - делінген таратылған хабарда.

Бірақ баспасөз қызметі бұл үйлер нақты қандай ауылдарда салынатынын нақтыламайды.

Ауданы 70,80 және 90 шаршы метр болатын бұл кірпіш үйлер 15 сотық жер учаскелерінде салынатын болады.

Құрылыс кезінде цементтен басқа құрылыс материалдары Алматы облысында өндірілген материалдар болады. Олардың сапасы тексерілетін болады. Жұмысқа ерекше мамандардан басқа жергілікті жұмыс қолы тартылатын болады.

«Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері Қызыл-Ағаш аулында 10 үйден тұрғызып беруге уәде берді», - дейді баспасөз қызметі.

Қызыл-Ағаш, Егінсу, Құмтөбе, Көлтабан мен Ақтоған елді мекендерінде барлығы 686 үй қираған және қайта салынуды қажет етеді, делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383