Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3618 0 пікір 31 Наурыз, 2010 сағат 12:56

БТА банк Британия Виргин аралдарының сотының Әблязовқа қатысты шешімін аппеляцияға беру мүмкіндігін қарастырып жатыр

Алматы. 31 наурыз. ҚазТАГ – «БТА Банк» АҚ Британия Виргин аралдарының (БВА) Әблязовқа қатысты істі қарауды тоқтатуы туралы сот шешімін аппеляцияға беру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлады банк баспасөз қызметі.

«БТА банктің шағым-арызында жауап беруші төрт тұлға көрсетіліп, солардың біреуі М. Әблязов болатын. Аталған тұлға БВА резиденті болып табылмайтындықтан, банк 2009 жылы қарашадағы алдын ала тыңдаулар кезінде, М. Әблязовты БВА заң құзыретінен тыс жердегі қосымша жауап беруші ретінде сотқа тарту туралы БВА сотының рұқсатын алған. Кейін М. Әблязов бұл шешімді қарсы шағыммен бұздырды. 2010 жылы 24-ші наурызда БВА соты өзінің бұйрығымен қазіргі кезеңде Мұхтар Әблязов сот ісіндегі қажет тарап болып табылмайды деп таныды. Қазір БТА банк аталған бұйрыққа қатысты аппеляция беру мүмкіндігі мен қажеттігін қарастырып жатыр», - делінген банк сәрсенбі күні таратқан хабарда.

Хабарда, БВА сотының бұйрығы Әблязовқа қарсы Лондонда берілген шағымдар мен процесстерге қатысы жоқ екені айтылады.

«БВА сотының бұйрығы, БТА банктің Мұхтар Әблязовқа қарсы, банктен несие түрінде қаржыны алаяқтықпен алып кету сұлбасына қатысты Лондонда берілген шағымдар мен процесстерге қатысы жоқ. Бүгінгі күнге БТА банктің Әблязовқа қарсы берген талабының сомасы жүздеген миллион долларды құрайды, және банк өзінің капиталын қайтару бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Дәл сол Англияның Жоғарғы сотына берілген шағымның аясында М. Әблязов тікелей не жанамалай бақылап отырған активтерді, олардың орналасқан жеріне қарамай, «қамауға» алу туралы сот бұйрығы шығарылған. Осы бұйрық аясында М. Әблязвтың шығындары шектеліп, ал оның төлқұжаты аталған тұлғаның Ұлыбританиядан тыс жаққа кетіп қалмауы үшін заңгерлерге сақтауға берілгіен. Бұл шаралардың барлығы күшінде қалады, ал БВА сотының Reuel Limited компаниясының несиесін талап ету құқығын басқаға беру туралы бұйрығының бұл шараларға ешқандай қатысы жоқ», - деп айтылған банк таратқан хабарда.

БТА банктің пікірінше, БВА соты қарастырып отырған оқиғаның мәнісі - 2009 жылы қаңтарда жасалған $57,5 млн көлеміндегі несиені талап ету құқығын алаяқтықпен басқаға беруге тақылып тұр.

«Бұл несиені БТА банк швейцариялық Riroil Sarl компаниясына 2008 жылы тамызда берген. Кейін банкке қандай да құжаттардың барлығы белгілі болды. Ол құжаттар бойынша Әблязов 2009 жылы қаңтарда несиелерді талап ету құқығын БВА-да тіркелген Reuel Limited компаниясына берген-мыс. Өздеріңіз білетіндей, 2009 жылдың ақпанына дейін БТА банк іс жүзінде директорлар кеңесінің экс-басшысы Мұхтар Әблязовпен бақыланып тұрған. БТА банктің қазіргі менеджментінің көзқарасынша, талап ету құқығын басқаға беру жөніндегі аталған мәміле болмаған және бұл банктің бұрынғы басшыларымен банк қаражатын жымқыруға деген әрекеті, себебі ол мәміленің коммерциялық шарттары банк мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіреді. Іс жүзінде, аталған талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде, БТА банк пайыздық кіріс беріп отырған несие бойынша талап ету құқығын, активтері жоқ, оффшорлық  Reuel Limited компаниясының қамтамасыз етілмеген міндеттемесіне ауыстырған болып шығады. Одан басқа, талап ету құқығын басқаға бергенде талап ету мерзімі екі жылға ұзартылған», - деп түсіндіреді банк баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша жауап берушінің орналасқан жері – БВА-да өткізілген алдын ала тыңдауларда, БТА банк М. Әблязовты сотқа қосалқы жауап беруші ретінде тартуға рұқсат алды. Банк бұдан ары М. Әблязовты аталған іс бойынша сотқа тарта алатынын, немесе оған қатысты жаңа өндіріс ашатынын айтып отыр.

«Аталған сот қарауы әзірге енді басталып келеді, іс нақты мәні бойынша әзірге қаралған жоқ және аталған мәміледе М. Әблязовтың рөлі мен оның қатысу-қатыспауына қатысты БВА соты ешқандай шешім қабылдаған жоқ. Аталған сот ісі басқа жауап берушілерге қатысты жалғасатын болады, және БТА банк Әблязовты процесстегі қосалқы жауап беруші ретінде тарттыруға да және осы мәмілеге қатысты басқа заң құзыретінде жаңа іс аштыруға өтініш беруге құқықлы», - делінген банк хабарында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303