Отан үшін от кешкен ерлер
Ұлы жеңіс мерекесіне бір айға жетер-жетпес уақыт қалды. Отан үшін от кешкен ерлерге көрсетілер құрмет шаралары қаламызда қызу жүруде. Осындай шаралардың бірі туралы тілшіміз жалғастырады.
Назар аударалық.
Бірімжаров Әзекен Кәрімұлы қазір 89 жаста. Әкесі қудалау құрбанына айналған кезде бозбала жігіт отбасының қамқоршысы міндетін өз мойнына алады. 1942-жылы Одессадағы әскери училищеге қабылданып, сол жақтан майданға аттанады. Жас жауынгер Курск доғасындағы шайқас пен Днепр өзеніндегі айқасқа қатысады. Жарақат алып, госпитальге түссе де, жазылғасын алдыңғы шепке қайта оралады.
Әзекен Бірімжаров
ТИТР: Соғыс ардагері
- 1944-жылдың наурызында госпитальден соң мені Ленинград майданына, Нарва қаласына жіберді. Ол жерде 378-полктің командирі болдым. 1944-жылдың тамызынан бастап үшінші Прибалтика майданына ауысып, сол жерде 45 жылдың мамырында Ұлы Жеңісті қарсы алдым.))
Ұлы Отан соғысы аяқталғасын, Әзекен Кәрімұлы 56 жыл бойы өз қызметін туған Орал өңіріне арнайды. Жоғары оқу орнының еңбегі сіңген оқытушысы атанып, кандидаттық диссертациясын қорғады.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірхан Қарасаев мейрам қарсаңында ешбір ардагердің назардан тыс қалмайтынын айтады.
Әмірхан Қарасаев
ТИТР: қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

- Ардагерлердің қалалық ұйымы мүмкіндігі келгенше қарт жауынгерлерге барлық жағдайды жасап тырысуда. Әсіресе мейрам қарсаңында. Біз олардың барлығын аралап, не керектігін білдік. Оларға көмек көрсетілуі керектігі жөнінде жасалған тізімді әкімдікке бердік.))
9-мамыр қарсаңында мұндай кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Ардагерлерге көрсетілер мұндай құрмет - құптарлық іс. Алайда, жыл он екі айда бір келер мереке күні ғана олардың еске түсетіні өкінішті-ақ.
ТДК-42" телеарнасы, Орал
http://kaz.newsfactory.kz/28186.html