Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1988 0 пікір 14 Сәуір, 2010 сағат 16:32

KPO Қазақстанға салық түрінде төленбей қалған Т8,2 млрд қаржыны қайтарды – қаржы полициясы

Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ – Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO) консорциумы Қазақстанға салық түрінде төленбей қалған Т8,2 млрд қаржыны қайтарды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне қаржы полициясының ресми өкілі Марат Жұманбай.

Ол Karachaganak Petroleum Operating B. V. консорциумының екі қызметкері салық төлмдерін бөлуде жалтарған деп айыпталып, әр қайсысы 3 жылдан шартты түрде сотталып, 1000 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынғанын еске салып өтті. 

«Тергеу барысында Ескендірова мен Құманова 1999 – 2005 жылдар арасындағы КРО филиалдарына салық туралы жиынтық есепті дайындағанда кіріс пен шығыс туралы мәліметтерге әдейі түрде бұрмалау енгізуінің арқасында КРО Т8,2 млрд мөлшеріндегі салық төлеуінен жалтарып шыға келген. Тергеудің қабылдаған шаралары арқасында шығын толығымен өндірілді», - деді М. Жұманбай. 

Сонымен қатар, консорциумдағылар «бұл дұрыс емес, және біз аппеляциялық деңгейде оны дәлелдейміз» деп отыр.

«КРО ешуақытта салық заңын бұзған емес, және оның қызметкерлері жиынтық есептерде ешуақытта мәліметтерді бұрмалап көрсеткен емес», - деп хабарлады ҚазТАГ-қа КРО баспасөз қызметінен.

Қаржы полициясының ресми өкілі КРО-ға қатысты қаралып жатқан тағы бір «заңсыз кәсіпкерлік» туралы қылмыстық іс жайлы түсініктеме беруден бас тартып, «тергеу мүддесіне орай бұл туралы ақпарат жарияланбайды», - деп жауап берді. 

Бұрын хабарланғандай, қаржы полициясы консорциум басшылығына қатысты 2008 жылы бекітілген нормадан тыс мұнай өндіру арқылы үкіметке Т104 млрд шығын келтіргені үшін қылмыстық іс қозғаған.

Karachaganak Petroleum Operating B.V Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан әлемдегі ірі кеніштердің бірі болып табылатын Қарашығанақ кенішін иегруде. Кеніштің ауданы 280 шаршы километр, оның қоры 1,2 млрд тонна мұнай мен конденсат және 1,35 трлн текше метр газ деп бағаланады. 1997 жылы қол қойылып, 40 жылға есептелген ӨБК-ге сәйкес, консорциумға қатысушылар арасындағы үлес келесідей бөлінген:  British Gaz Group (BG) пен Eni - 32,5%-дан, Chevron - 20% мен «ЛУКОЙЛ» - 15%-дан.

2009 жылдың соңында премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдегендей, үкімет Karachaganak Petroleum Operating B.V (КPO) – мен аталған жобаға кіру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5507