«Махаббат тәлкегі» романтикалық комедиясының тұсаукесері өтті
Отандық фильмдердің қатары тағы да бір романтикалық кинотуындымен толықты. Астанада «Махаббат тәлкегі» атты комедияның тұсаукесер рәсімі болды. Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасына қос елдің атақты киножұлдыздары қатысты. Фильмнің тұсаукесер рәсімінің елордадан бастау алуы тегін емес. Киноның басым бөлігі Астанада түсірілген. Өйткені жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала - жастықтың, жасампаздықтың символы іспеттес. «Қазақфильмнің» президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, бұл туынды кинокомпанияның жастарға, өскелең ұрпаққа ұсынған базарлығы.
Ермек Аманшаев, Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ президенті:
- Бұл өзі негізі жастарға арналған фильм комедиялық жанрында түсірілген, мен ойлаймын, әсіресе 15-25 жастар аралығындағы біздің көрермендер үшін қызықты болады.
«Махаббат тәлкегі» фильмі алғаш рет ТМД аумағында 600 данамен шығатын отандық киноөнім. Бұған дейін түсірілген фильмдердің таралым мөлшері 50-ден асқан емес. Оған қоса, бұл кинотуынды тек Қазақстан мен Ресейде ғана емес, Украина, Белорусияның ірі кино орындарында көрсетілмек. Фильм үлкен прокатқа 25-наурызда шығады. Фильмнің продюсері Ринат Дәулетияров қазақстандық тараптың жоғары профессионалдық деңгейін ерекше атап өтті.

Ринат Дәулетяров, «Махаббат тәлкегі» фильмінің продюсері:
- «Қазақфильммен», қазақстандық әріптестермен бірлесіп жұмыс істей отырып, мен көп нәрсені аңғардым, бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Біздің шығармашылық топ өте жақсы жұмыс істеді, нәтижесі өте жемісті болды, қазақстандық әріптестерге алғысым шексіз.
Фильмнің сюжеті қарапайым. Әсел атты атаққұмар, сұлу бойжеткен қоғамның ауқатты тобының қатарына қосылуды көздейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін тележүргізуші болуға бел буады. Алайда аяқ астынан қызықты оқиғаға тап болып, Иван деген оқымысты жігітті кездестіреді. Осылайша, махаббат тәлкегіне ұшыраған екі ғашық қосылып, романтикалық комедия әдеттегідей әдемі аяқталады.
Ерік Жолжақсынов, актер:
- Бұл бір өзінің орнын табатындай жоба болуы керек. Актерлік ойындарға қарайын болса, қатысқан актерлердың барлығы белгілі актерлар Ресейдің Куценко, Чадов, біз жақтан Әсел Сағатова, мұның төңірегінде ойнаған актрисалар да жүлделі-жүлделі кәдімгідей талай-талай киноларда образдарды сомдаған актрисалар.
Алдағы жылы «Қазақфильм» бірлестігі отандық көрерменді жаңа туындылармен қуантпақ. Бұл мақсатта Ресейдің маңдайалды режиссерлерінің қатысуымен бірқатар жаңа жобалар өндіріске енгізілді. Кинокомпания Тимур Бекмамабетовпен бірлесіп «Алтын жауынгер», Егор Кончаловскиймен бірге «Қара майор» фильмін жарыққа шығарады. Ермек Аманшаевтың айтуынша, бір айдың көлемінде Бахтияр Құдайназаровтың жаңа туындысы көрерменге жол тартпақ.