Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2456 0 пікір 15 Сәуір, 2010 сағат 17:14

Астана қалалық соты «Республика» газетінің басылымды қайта тіркеу туралы аппеляциялық арызын жартылай қанағаттандырды

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Астана қалалық соты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының биылғы жылдың 17  ақпанында шығарған мәдениет министрлігінің «Республика» газетін қайта тіркеу туралы куәлігін міндетті тәртіппен беруден бас тарту туралы шешімін күшінде қалдырды.

«Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аталған іс бойынша 17 ақпанда шығарған шешімі мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетін АДП ЛТД ЖШС-нің заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын бұзуды толығымен жоюға міндеттеу туралы нұсқаумен толықтырылып, өзгеріссіз қалдырылсын. Заңмен белгіленген тәртіппен АДП ЛТД ЖШС-нің «Моя республика: факты, события, люди» газетін қайта тіркеу туралы арызы қаралсын, - деді қалалық соттың аппеляциялық алқасының судьясы Айгүл Сапарова бейсенбі күні шешімді жария ету барысында.

Бұдан басқа, сот сотқа бару шығындарын комитеттен ЖШС пайдасына Т132 мың көлемінде өндіріп беру туралы шешім шығарды. Осылайша, ЖШС-тің аппеляциялық арызы жартылай қанағаттандырылды, деді судья.

Еске сала кетейік, елорданың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Республика» газетінің ҚР мәдениет министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетіне қарсы басылымды қайта тіркеуді заңсыз созбалау туралы арызын жартылай қанағаттандырған болатын. Ведомство тиісті құжаттарды 15 күннің ішінде беруге тиіс болатын. Сол кезде бұл іс бойынша төрағалық еткен судья Роза Жақанова өтінішті 15 күннің ішінде қарамаған комитеттің әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы шешім шығарды. Бірақ сот арыз берушінің (АДП ЛТД ЖШС) жауапкерді «Моя республика: факты, события, люди» газетін қайта тіркеу туралы куәлікті беруге міндеттеуден және сот шығындарын өндіріп беруден бас тартқан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529