Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2931 0 пікір 16 Сәуір, 2010 сағат 02:47

Бакиевті елден кетіру туралы шешім азаматтық соғыс болдырмау және экс-президенттің үстінен тергеусіз сот жасамау үшін қабылданды – Отунбаева

Бішкек. 15 сәуір. ҚазТАГ - Қырғызстан экс-президенті Құрманбек Бакиевтің елден кетіру туралы шешімді азаматтық соғыс болдырмау және экс-президенттің үстінен тергеусіз сот жүргізбеу үшін қабылданды, деді уақытша үкімет басшысы Роза Отунбаева.

«Уақытша үкімет экс-президент Құрманбек Бакиевтің елден кетуі туралы шешім қабылдады. Биліктен аластатылған бұрынғы президент өзінің туылған аулына барып, өзін туыстарымен, әйел-бала-шағамен қоршап, Жалал-Абад облысындағы тұрақсыздық көзіне айналды. Ол туыстарымен өзін қоршап, іс жүзінде оңтүстік пен солтүстік арасында теке-тірес тудырмақшы болды», - делінген уақытша үкіметтің баспасөз қызметі таратқан Р. Отунбаеваның мәлімдемесінде.

Ол, бірқатар елдердің басшылары Қырғызстан уақытша үкіметі мен тақтан тайдырылған президент арасында келіссөздер жүргізіп, «оны сабырға, қырғыз халқы, ел тыныштығы үшін, соңғы жылдары арсыз түрде қырғыз халқын тонаған өзі мен туыстарын қорғау үшін бастауға дайын азаматтық соғысқа жол бермеуге, өзеуреген шамшыл көңілін басуға шақырды», деп атап өтті.

Бұл ретте Р. Отунбаева, уақытша үкімет басынан бастап «өз халқын атқаны үшін айыпты деп танылған бұрынғы президентпен» ешқандай келіссөздер жүргізгісі келмейтіндігін білдіріп, «сол ұстанымында аяғына дейін тұрды», - деп еске салды

«Біз Құрманбек Бакиевті ұстай алатын едік, бірақ ол әрекеттер ауылдың бейбіт тұрғындарының, әйелдер мен балалардың өлмейтіндігіне кепілдік бермеді», - деді ол өзінің мәлімдемесінде.

Уақытша үкімет басшысы халықаралық ұйымдар мен бірқатар мемлекеттердің басшылары «Қ. Бакиевтің болған оқиғаға жауапкершілігін мойындай отырып, бұрынғы президентпен арадағы қарым қатынасты өркениеттілік қарым-қатынас аясында сақтауды, тергеусіз сот жасамауды және Қ. Бакиевтің өзіне ғана қолданыстағы Конституция берген қол сұқпаушылық кепілдігіне сай, республиканы тастап кетуге мүмкіндік беруді сұрады», деп айтты.

Р. Отунбаева «халық толқуы жағдайында заңға сай оның жауапкершілігі туралы мәселені шешкенге дейін бұрынғы президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды» дейді. «Одан басқа, біз бұрынғы билікке қарағанда, барлық мәселеге принципті түрде құқықтық тұрғыдан келіп, ең ізгі саяси мақсаттар үшін болса да адам өліміне жол бермеу, қылмысқа бармау жолын ұстандық. Біз, бұрынғы президентінің жазасын ортағасырлық тәсілмен тарттыруға бармайтын халықтың да, Қырғызстан үкіметінің де өркениетті ел ретіндегі иммиджі туралы ойладық», - деп түсіндірді ол өзінің ұстанымын.

«Уақытша үкімет біздің заңға және халықаралық құқыққа сай бұрынғы президент кінәлі фактілердің барлығы бойынша тергеу жүргізбекші ниетінде. Осыдан соң оны қырғыз сот әділдігіне қайтарып беру немесе халықаралық сотқа беру туралы талап қоямыз.  Және бұл туралы бұрынғы президенттің департациясына қатысқан елдермен де келісім бар», - деді уақытша үкімет өкілі.

Ол Бакиевтен басқа оның қасында соңғы уақытқа дейін болған оның жақтаушылары да, туыстары да елден шығарылмағанына сендірді. «Қылмыс жасағандар ұсталып, сот әділдігінің алдында жауап береді»,  деп мәлімдеді Р. Отунбаева.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524