Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2455 0 пікір 19 Сәуір, 2010 сағат 04:05

Руслан МЕДЕЛБЕК. «Ойыншық» командамен «ойнай» беруге бола ма?

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) қазақ футболының тағдырын тағы да Бернд Шторктың қолына тапсырды. Енді тағы бір жыл (мүмкін екі жыл) Шторктың жолына жәутеңдеп қарап отыратын боламыз. Бірақ оның жолына қарай-қарай көзіміз талғаны қашан?.. Құрамамыз «мәңгі аутсайдер» Андорраны жеңіп мәз. Англиямен кездесуді «ұлы тойға» бағалап шуылдастық. Белоруссиямен екі кездесуде де тас-талқан болдық. Украинаға алты ұпайды өз қолымызбен «сыйға» тартты ойыншыларымыз. Хорватия жасыл алаңда «ойыншық» командамен ойнап жүргендей тайраңдады. Дәл осындай «нәтижеге» қуанған жанкүйер болмағаны айтпаса да түсінікті. Ал федерация бұл көрсеткішті бас бармақпен бағалап, Шторкті таққа қайта отырғызды. «Құда да тыныш, құдағи да тыныш».

Федерация маңындағы футбол «фанаттарының» сөзіне сенсек, Шторк қазақ футболының жастарын тәрбиелеп жатыр. Яғни, ел футболының болашағының іргесін қалауда.  Рас, бұл дұрыс шығар. Бірақ, ол істі Шторк атқара алмайды. Іргесі қаланған қазақ футболын қайта құлатып, баяғы әләулайына басып отыр. Ашығын айтайық, Алаш жанкүйерлері өз жігерінің құм болғанынан жалықты. Есіңізде ме, Сербияны Алматы төрінде тұқыртқанда күллі қазақ даласы қуанып тұрды емес пе? Қазақ жанкүйері сол жеңісті сағынады. Ал ол жеңісті Шторктың сыйлайтынына қазір ешкім  сенбейді. Бірақ федерация сеніп отыр.  «Сенген қойым сен болсаң...» демей ме?.. Шыны керек, федерация федерация болудан қалды. Оны мойындаған жөн. Сол маңайда жаны ашыр біреу болса Жақсыбековке немесе Хамитжановқа «ойланыңдар» демей ме? Бірақ ешкім үндемейді.

●Айтпақшы, Саян Хамитжанов кейінгі кезде журналистермен қарым қатынас жасаудың  «жаңалығын» ашты. Футболға арналған баспасөз мәслихатын ол қазір «өзгеше» өткізіп жүр.  Таудың етегінде, ашық аспан астында ет асып жуналистерді жиып, әңгіме дүкен құратынды тапты... Біле білсеңіз, «Хамитжановтың мәслихаты» жай баспасөз клубында өтетін баспасөз мәслихатынан көп шығынды талап етеді. Ал ондай шығынға Хамитжановтың қалтасынан  ақшасы шықпасы анық.

●ҚФФ жылда елімізге не Блаттерді, не Платиниді шақыруды «игі дәстүрге» айналдырды. Олар келсе қазақ футболы гүлденіп кететіндей. Гүлденсе, қане... ҚФФ түсінгені жөн, Платинидің де, Блаттердің де қолында сиқырлы таяқша жоқ!

●Қазақ футболы пультпен алыстан басқарылатын «ойыншық» емес. Соңғы жеті жылда біздің футбол пультпен басқарылды. Рахат Әлиев Австрияда жүріп, «өз шаруасын» бітіргені белгілі. Ал Жақсыбеков Мәскеуде отырып-ақ «мәселені» шешті. Қазір қорғаныс министрлігіне барған Жақсыбеков (коллажға қараыңыз) қақпамыздың да қорғанысына көңіл бөлетініне сенесіз бе?.

Түйін

Айта берсек, қазақ футболының былығы көп. Қалай болғанда да ел футболының «есін жиғызар» мемлекеттік бағдарлама жасалуы керек.   Бұл мәселеге Елбасыда пәрмен етсе игі болар еді. Мемлекеттік бағдарлама жасамай тұрып, ҚФФ басшылығын ауыстырса... Футболды басқаратын басшы «қос кеменің құйрығын ұстамай» тек аяқдоп мәселесімен айналысқаны жөн. Федерация деңгейі - министрлікпен, басшысының дәрежесі министрмен теңестірілгені абзал. «Ауруын жасырған өлетінін» ескерсек, осы мәселелерді тез ретке келтірген жөн. Сондай-ақ, қазақ футболының жанкүйерлері «ойыншық» команданың тағдырымен ойнап жүргендердің отставкаға кетуін де талап етеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502