Қазақстанда отандық майдан журналистикасының белгісіз беттерін зерттемекші
Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстанда отандық майдан журналистикасының белгісіз беттерін зерттемекші. Бұл туралы Алматыда Ұлттық кітапханада өткен Жеңістің 65 жылдығына орай «Майдандағы қазақ журналистикасы» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім етті.
«Ұлы Отан соғысының тақырыбы мәңгі. Сол бір сұрапыл күндер тарих қойнауында алыстаған сайын жауынгерлік ерліктің қасиеті де арта түсуде. Соғыс қалай да әрбір кеңестік отбасын, әрбір үйді шарпып өтті. Бірақ майдандық баспа отандық журналистика тарихындағы ең бір нашар зерттелген тақырып»,- деді ҚазМУ профессоры Сағымбай Қозыбаев. Ол осы тақырыпқа көп назар бөлу керектігін атты.
Конференцияда сөз сөйлеген Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, респубдликаның ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев, ұлттық кітапхана директоры Орынбасар Исахов пен басқалар да соғыс жылдары қазақ тілінде жиырмаға жуық армия, және дивизия газеттері мен журналдары шығып тұрғанын атап өтті.

Конференцияға қатысушылар майдан журналистері - Диқан Әбілев, Түймебай Әшімбаев, Қалижан Бекхожин, Федор Боярский, Баубек Бұлқышев, Мұса Днішев, Николай Зверев, Ахмет Елшібеков, Павел Кузнецов, Жұбан Молдағалиев, Әбу Сәрсенбаев, Сағынғали Сеитов, Осип Огнев, Сейтжан Омаров, Әзілхан Нұршаихов, Қасым Шәріповтер кейін республикаға танымал қоғам қайраткерлері және жазушылар болғанын да атап көрсетті. Олар соғыстан кейінгі Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосты.
Конференцияда тарих ғылымдарының докторы, журналистер академиясының президенті Сағымбай Қозыбаевтың тарихи-публицистикалық «Опаленная войной. Казахская фронтовая печать» («Өртенген соғыс. Майдандық қазақ басылымы») атты кітабының тұсаукесері өтті. Онда майдан журналистикасының беймәлім мәліметтері мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мұрағаттық құжаттар, фотодеректер жарияланған.