БРИТАНИЯ МИЛЛИАРДЕРЛЕРІ 100-ДЕН АСТЫ
Ұлыбритания аумағында тұратын долларлық миллиардерлер саны алғаш рет жүзден асып, 104-ке жетті деп жазды BBC-дың орыс тіліндегі жаңалықтары. Бұл туралы Sunday Times гәзеті сарапшы Филипа Бересфордтың сөзіне сілтеме жасап хабарлаған. Оның мәліметтерінше, тізімдегі 73 адам Лондонда тұрады, сөйтіп ол аса дәулетті тұрғындар санымен бірінші орынға шығып отыр. Салыстырмалы ақпарат үшін Мәскеуде – 48, ал Нью-Йоркте – 43 долларлық миллиардерлер тұрады екен. Айта кетерлігі бұл бай адамдар туралы үлкен жаңалық емес, алдыңғы аптада ғана жер бетіндегі жеті миллиарда адам ішінен тек 85 адамға әлемнің 46% байлығы тиесілі екені хабарланған еді.
Абай-ақпарат