ЕУРООДАҚ РЕСЕЙГЕ ЖАҢА САНКЦИЯЛАР САЛМАҚ
Украина мен Қырымға қатысты позициясына байланысты Ресейге жаңа санкциялар салынуы мүмкін. Еуроодаққа мүше елдер дайындаған жаңа санкциялар бойынша қазіргі "қара тізімнің" қатарында Қырымда орналасқан 5 компания мен 15 адам бар көрінеді. Ресми тұлғалардың есімі мен компания аттары әзірге айтылған жоқ. «Tengrinews.kz» хабарлағандай Еуроодақ Ресейге қатысты жаңа санкцияларды ертең, яғни 12 мамыр күні мақұлдайды.
Еске салатын болсақ, 21 наурыз күні АҚШ Қырымның Ресейге қосылуы мен Кремлдің Украинаға қарсы жүргізіп отырған саясатына байланысты антиресейлік санкция жариялаған болатын. Ол кезде санкцияға Ресейдің 28 азаматы мен "Ресей" банкі іліккен. Жазалаудың екінші легі 28-ші сәуір күні басталып, ол кезде "қара тізімге" Владимир Путиннің қасындағы ықпалды тұлғалар мен Ресейдің 17 ірі компаниясы қосылған. 5 мамырда Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі тарапынан да Ресейдің 16 банкі мен компанияларына арналып санкциялар салынған болатын.
Абай-ақпарат