ҚАЗАҚСТАН БИЫЛ ДСҰ-ҒА КІРУІ МҮМКІН
Қазақстан биыл Дүние жүзі сауда ұйымына мүше болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-жыл сайынғы отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Президент өз сөзінде экономикалық одақ құрудың маңыздылығына тоқтала келіп, кедендік одақтың тиімділігін де айрықша атаған. Елбасы бұған қоса: «біз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты келіссөздер үдерісін аяқтауға жақынбыз. Биыл ұйымның толыққанды мүшесі боламыз деген сенім бар» - деген.
1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. Көршілес Қырғызстан 1998 жылдың 20 желтоқсанынан аталған ұйымның мүшесі болса, Ресей 2012 жылы 22 тамызда қабылданды.
Абай-ақпарат