ПУТИН: УКРАИНАДА РЕСЕЙЛІК ӘСКЕРИЛЕР ЖОҚ
Ресей президенті Путин Ресейге АҚШ-пен Еуропалық Одақ салған санкциялар турасында, сондай-ақ Украинаға Ресейдің ықпалы турасында мәлімдеме жасаған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Ресейге салынған санкцияларды заңсыз деп бағалаған Путин бірінші санкциялық пакеттің Ресеймен Еуроодақ және АҚШ арасындағы қарым-қатынасына залал келтіретінін жеткізсе, екінші санкциялық пакеттің мүлде түсініксіз екенін айтқан. Украинаға байланысты Ресей президенті: «Біз үнемі сол жерде ресейлік арнайы жасақ, әскери инструкторлар бар дегенді естиміз. Украинада ресейлік әскерилердің, әскери инструкторлардың, арнайы жасақтың жоқ екеніне толық жауап беремін" деген. Сондай-ақ Путин қолға алынып жатқан Еуразиялық интаграцияға Ресейге салынған санкциялардың ешқандай кері әсері болмайды деп сендіріп отыр.
Абай-ақпарат