Қарзай Қырымның РФ-ға қосылғанын қолдады
Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамит Қарзай Қырымның Ресей Федерациясының құрамына өтіп жатқанын қолдайтындығын білдірді.
Қарзай бұл пікірін АҚШ конгресмендерімен кездесу барысында мәлім етті деп хабарлайды «Итар-Тасс».
Естеріңізге сала кетейік, Совет әскерелері 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға басып кіріп, тау халқының ішкі ісіне араласқан болатын. Сөйтіп, 1989 жылы қанға бөккен ауған жерін тастап шыққан еді.
Абай-ақпарат