Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 8813 0 пікір 21 Наурыз, 2014 сағат 17:27

Қазақ жақсысы орыс етегінен жем жегенді зор өнер көреді

 

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан:

Қазақ жақсысы орыс етегінен жем жегенді зор өнер көреді.

***

Қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ. Сондықтан да Қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс!

***

Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды.

***

Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, бұл жұртта береке болар ма?

***

5 миллион қазақ тілегі кемшілік жолына сыймайды.

***

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді.

***

Бөтен кісі қазаққа ешқандай жақсылық артып әкеліп бірмейді.
Өз күшіне, өз қуатына сенбеген адам да, халық та ғұмыр жүзінде бәйге алмайды.

***

Жүз түйені бір бұралқы ит құйрығына тіркесе, осы ит Ташкент барса, жүз түйе Ташкент кетеді. Итте не жаза бар, түйенің жетекшілігі емес пе?

***

Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайы. 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963