Қырғызстан президенті ел үкіметін отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды
«Алмазбек Атамбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлыққа сәйкес қазіргі министрлер кабинеті өз қызметін жаңа үкімет құрылғанға дейін атқаратын болады», – делінген Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
18 наурызда Қырғызстан парламентіндегі көпшілік коалициясы өз жұмысын тоқтатты. Оған «Ата-Мекен» социалистік партиясының парламенттен шығуы себеп болды. Олар бұл әрекетін премьер-министр Жанторо Сатыбалдиевке сенімсіздік танытатындарымен түсіндірді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Ria.ru