Жексенбі, 10 Қараша 2024
Саясат 7488 0 пікір 13 Наурыз, 2014 сағат 21:47

«Ех, Сергей, Сергей, Сергей...»

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің,

ҚР Бас прокуратурасының,

Алматы қаласының әкімінің

Назарына!

Сергей Пашевич (1-суретте) – Қазақстан Республикасының азаматы. Ауған соғысына қатысқан. Қазір кәсіпкер және «Боевое братство» одағының жетекшісі.

Бұ кісі өткен аптада Украина мен Ресей арасындағы саяси мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, Ресей президенті Путиннің Украинаға қатысты саясатын қолдайтынын ашық мәлімдеді:

«Украина билігіне сыртқы күштердің көмегімен, Америка мен Еуропа елдері тарапынан қаржыландырылған радикалдардың келгені ешкімге жасырын емес. Жауынгерлерді Балтық жағалауы және Польшада дайындаған. Содан кейін олар Украина территориясына кірген. Үлкен есеппен алып қарағанда, бұл – Ауған сценарийі. 1979 жылы Ауғаныстанға әскер (кімнің әскері? -ред) кіргенде 28 аймақтың үшеуінде ғана қалыпты, тыныш жағдай еді. Ал, қалған аймақтарды бандылар билеп-төстеп тұрды. Янукович заңсыз жолмен биліктен шеттетілген соң, Қырым билігі Путиннен көмек сұрады. Көмек сұрағандарға ол жауап берді. Оның үстіне Қырымда күзету мен қорғауды қажет ететін Ресейдің Қара теңіз әскери базасы тұр».

Пашевич өз мәлімдемесін Ресей мемлекеттік тілінде таратқандықтан, біз оны Қазақстанның мемлекеттік тіліне аудардық.

Сергей Пашевичтің мәлімдемесіне қатысты пікірін білмек үшін мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл мырзаға хабарластық.

Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты (2-суретте):

- Біз өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласпаймыз. Дербес, тәуелсіз мемлекетпіз. Шекарамыз айқындалған. Ал, Сергей Пашевичтің мәлімдемесін жеке адамның көзқарасы деп қабылдаған жөн шығар. Аймақтардағы Ауған соғысы ардаргерлері хабарласып жатыр. Алдағы уақытты біз бұл мәселеге қатысты арнайы баспасөз мәлімдемесін жасаймыз.

Бізге Сергей Пашевичтің мәлімдемесі мүлдем түсініксіз. Ол бұл әрекеті арқылы не айтқысы келеді? Егер, Сергей Ресей азаматы болса, онда әңгіме басқа.  Пашевич Қазақстанның азаматы. Ендеше, қарапайым адамның шет елдердің саяси ісіне араласуын қалай түсінуге болады? Шамасы, ол өзінің қай елде, қандай мемлекетте өмір сүріп жатқанын мүлдем ұмытқан сияқты.

Біз, Сергей Пашевичтің мәлімдемесіне алаңдаушылығымызды білдіре отырып, бұл азаматтың әрекетіне ҰҚК, Бас прокуратура, Алматы қаласының әкімшілігі назар аударып, егжей-тегжейлі тексереді деген сенімдеміз!

P.S. Мұқағалиды сәл бұрмалауға тура келіп тұр:

Ех, Сергей, Сергей, Сергей...

Қазақстанда аз емес қой сендей....

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1156
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2612
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2640