Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5633 0 пікір 26 Тамыз, 2014 сағат 22:27

Украина мен РФ президенттері бетпе-бет кездесті

Putin Poroshenko

Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко Беларус  астанасы Минскіде бетпе-бет кездесіп, Украинаның шығысындағы жағдайды талқылады. «Азаттық радиосының» жазуынша Путин Порошенкомен болған кездесуді “позитивті” жүрді деп, Мәскеу бітімгерлік процестерді нығайту үшін “барлық мүмкіндікті жасайтынын” мәлімдеген. Ол бұған қоса газ тасымалдау мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізу туралы да уағдаластық жасалғанын айтты.

Порошенконың айтуынша, Киев пен Мәскеу Украинаның шығысындағы жағдайды реттеудің алғышарттарын жасау үшін екі елдің шекара қызметтері және билік өкілдері арасында келіссөздер бастауға келісіпті.

Минскіде мұның алдында Путин, Порошенко, Беларусь президенті Александр Лукашенко  және Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонның қатысуымен көпжақты келіссөздер өтті. Мәскеу мен Киевтің ұстанымдары үйлесе бермегендіктен, тіпті кейбір жағдайда түбірімен қарама-қайшы келіп жатқандықтан келіссөздер күрделі болған. Сондай-ақ Минскіде Кеден одағы басшылары да кездесіп, сауда кеңістігінің жаңа қадамдары мен алдағы алыс-беріс жоспарларын да талқылаған. Минскіге барған ҚР президенті Назарбаев пен Украина президенті Порошенконың да өзара жеке кездесулері болды. Екі жақты кездесу барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілікті дәріптеп, Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек беретінін жеткізді әрі әлем елдерін Украинаға көмек көрсетуге шақырды. 

Президенты Казахстана и Украины Нурсултан Назарбаев и Петр Порошенко в Минске

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2521
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660