Сағатбек Медеубек - ҚазҰУ-дың журналистика факультеті деканы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің деканы болып қаламгер ұстаз, ақын, тарихшы, тілші-баспагер Сағатбек Медеубек бекітілді. Abai.kz порталы редакциясы Сағатбек Медеубекұлын жаңа қызметімен құттықтайды.
Сағатбек Медеубек Еңбек жолын 1984-86 жылдары «Өнер» баспасында редактор болып бастады.
-1986-89 жылдары ҚР ҰҒА М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспиранты;
-1989-91 жылдары «Өнер» баспасында редактор;
1991-95 жылдары ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.
- 1993 жылы сәуір: «Ауыз әдебиетінің терме жанры» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады;
-1992-93 жылдары «Жетісу» газетінде,
– 1993-97 жылдары республикалық «Ана тілі» газетінде бөлім редакторы;
- 1997 жылдан журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент;
- 1999-2001 жылдары университеттің республикаға тарайтын «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы;
- 2001-2003 жылдары факультеттің магистратура жетекшісі;
- 2003- 2006 жылдары деканның ғылым жөніндегі орынбасары;
- 2006 жылдан М.Сералин атындағы әдеби шығармашылық бірлестіктің жетекшісі;
2008 жылдан – кафедра меңгерушісі.
Кітаптар: Сүндет той. Ғылыми-танымдық кітап. “Өнер” Алматы, 1993 ж.;
Ою хан мен Жою хан. Балаларға арналған танымдық суретті кітап. “Жалын”, 1994ж.;
Сазда аспаптар сыры. (О.Бейсенбекұлымен бірге), “Ана тілі”, Алматы, 1995ж.;
Домбыра. “Өнер”, Алматы, 1996ж.;
Ақыл. Нақыл. Өсиет. “Санат”, Алматы, 1996ж.;
Жетісудің күйлері. (Б.Мүптекеевпен бірге), “Өнер”, Алматы, 1998ж.;
Жетісу әуендері. (Б.Мүптекеевпен бірге), “Өнер”, Алматы, 1998ж.;
Ою хан мен Жою хан. Балаларға арналған танымдық суреті кітап. Қазақ орыс, ағылшын тілдерінде қайта басылуы. “Балар әдебиеті”, Алматы, 2004ж.
Құрастырушы: Бөлтірік Атыханұлы. Өлеңдер, дастандар, айтыстар, зерттеулер. “Қайнар”, Алматы, 2002ж.;
Мұқатай Жылқайдарұлы. “Айхай, дүние!”, “Жалын”, Алматы, 2003ж.;
Журналистер ұшқан ұя. Журналистика факультетінің құрылғанына 70 жыл толуына орай шығарылған энциклопедиялық сипаттағы кітап. “Қазақ университеті”, Алматы, 2004ж.;
Мейірман ақын Дәркенбайұлы. Өтірік өлең – хикаялар, аңыз әңгімелер, зерттеулер. Алматы, 2005ж.;
Әндер: “Қарқара”. Мәтіні мен әуезі өзінікі. 2000 ж. “Жаңа ғасырға – жаңа ән” конкурсында Дипломант;
“Алатау”. Мәтіні мен әуезі өзінікі. “Сорок Казахстан” қоры мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның ұйымдастыруымен өткен “Қазіргі қазақ әні” конкурсының жеңімпазы.
“Шәкәрімнің толғауы”. Мәтіні Шәкәрімдікі. “Елім менің” ІV Республикалық патриоттық әндер конкурсында 1 – орын иеленді.
Абай-ақпарат