Шығыс Қазақстан облысының түзету мекемелерінде сотталған зейнеткерлер мен мүгедектердің құқықтарының бұзылу фактілері анықталды
Өскемен. 1 мамыр. ҚазТАГ - Прокурорлық тексеріс барысында Шығыс Қазақстан облысының түзету мекемелерінде сотталған зейнеткерлер мен мүгедектердің зейнетақы мен жәрдемақыға құжаттарды дер кезінде рәсімдемеу, сондай-ақ сотталғандардың кірістерінен шектен тыс ақша ұстап қалу фактілері анықталды. Бұл туралы 30-шы сәуірде Шығыс Қазақстан прокурорының аға көмекшісі Виктор Подрезов мәлім етті.
«Облыстағы 12 қылмыстық-түзету мекемесінің 6-да тексеру барысында тамақ нормасының бұзылу фактісі, 9 мекемеде - мүгедектердің жағдайы жоқтығы анықталды. Мысалы ОВ 156/3 мекемесінде мүгедектер жалпыға ортақ казармаларда орналастырылған. Атап айтқанда, екінші топтағы мүгедек Брординнің карточкасындағы жазуға қарағанда, жыл бойына оған бір ақжайма беріліп, және бір жыл өткенде тағы бір ақжайма мен сүлгі және мақталы кеудеше берілген», - дейді В. Подрезов.

Одан басқа, прокурордың айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақы құжаттарын рәсімдеу мерзімдерінің бұзылу фактілері анықталған. Мысалы, ОВ 156/3 мекемесінде сотталған 2-ші топтағы мүгедек Корсаков 2009 жылғы сәуірден бері өзіне тиесілі төлемақыны осы мекемеда алуға өтініш білдірген. Бірақ мекеме әкімшілігі аталған өтінішті мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына жібермеген. ОВ 156/14 колониясында сотталған Жандарбековке зейнетақы тиесілі мерзімнен бес ай кеш рәсімделген. ОВ 156/15 мекемесінде тексеру кезінде сотталғанның жасы 70-те болғанымен оған әкімшілік зейнетақы рәсімдемеген. Бұл ретте колония басшылығы «сотталған үзілді-кесілді түрде зейнетақы алуға қарсы болды» деп ақталып отыр.
«Біз сотталғаннан сұраған кезімізде ол, зейнетақы алғысы келгенін және алғысы келетінін айтып берді», - деді В. Подрезов.
Одан басқа, қажетті ұстап қалулардан соң сотталғандардың есепшоттарына жалақыларының 50%-дан кем мөлшерде ақша аудару фактілері анықталған. Мысалы, ОВ 156/15 колониясында сотталған Бесімбековте барлық ұстауларды жүзеге асырған соң шотында 40%-дан аз қалған, бұл ретте әлі толығымен өтелмеген 2-ші кезектегі өндірушілер болғанына қарамай, ұстап қалулар 4-ші кезектегі өндірушілердің адресіне бағытталған.
Тексеру нәтижесінде үш түзету мекемелерінің он жетекшісі қатаң тәртіптік жауакершілікке тартылды. Қылмыстық атқару жүйесінің комитетіне кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жіберілді. Сотталғандарға зейнетақы аудару тәртібі прокуратура бақылауына алынды.
Шығыс Қазақстанда 12 түзету мекмесі, 2 СИЗО бар да , оларда 12 мыңнан астам сотталғандар, оның ішінде жасы толған 50 зейнеткер мен 168 мүгедек бар.