Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5553 0 пікір 4 Тамыз, 2014 сағат 10:13

РФ мүфтилер кеңесі: Мәскеудің әр ауданында 1 мешіттен салынуы тиіс

Мәскеу қаласының әр ауданында кем дегенде бір мешіттен салынуы тиіс. Ресей елінің мүфтилер кеңесінде осындай ой ортаға салынды. Осылайша, олар Мәскеудегі құлшылық ордаларының санын 10-нан асырмақшы, деп хабарлайды muslim.kz.

Ресей мүфтилері кеңесінің баспасөз қызметшісі Гүлнұр Газиева Мәскеуде мұсылмандар үшін құлшылық ордалары аз екенін айтып: «Қарқынды түрде өсіп келе жатқан мұсылмандар саны қазіргі кезде Мәскеудегі мешіттердің көптеп салынуын талап етеді. Дегенмен, біз Мәскеудің әр ауданында бір мешіттен болғанын ғана сұрап отырмыз. Сонда біз көшедегі қозғалысты тоқтатудан да тыйылар едік», - деген.

Қазіргі таңда Мәскеу шаһарында 2 миллионнан астам мұсылман өмір сүреді. Ал, осыншама жамағатқа бар болғаны тек төрт құлшылық ордасы қызмет атқарады. Сыйымдылығы жайлы тіпті сөз қозғауға келмейтін бұл мешіттерде жұма күні намаз оқу бақыты мұсылман жамағатының тек аз ғана бөлігіне бұйырады. Ал, қалғандары ауа-райының қандай да бір күйіне қарамастан көше бойында жайнамаз төсеп, құлшылығын өтеп жатады.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1028
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 680