Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4481 0 пікір 4 Мамыр, 2010 сағат 06:18

Астанада ЕҚЫҰ-ның адамзат өлшемдері жөніндегі кеңесінің бірінші отырысы өтті

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ - ЕҚЫҰ-ның адамзат өлшемдері жөніндегі консультациялық кеңесі бірінші отырысын өткізді. Онда гуманитарлық өлшемдер саласында биылғы жылға жоспарланған шаралар талқыланды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде журналистік ұйымдардың өкілдері және Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Эстония, Германия елдерінің гуманитарлық сала мәселелеріне маманданған халықаралық сарапшылары кірді.

Кеңестің қарауына гендерлік балансты ілгерілету және әйелдердің саяси, қоғамдық өмірге қатысуын дамыту, аз ұлттарға жататын адамдардың білім алуы, дін және ар бостандығы, тәуелсіз сот жүйесін нығайту, гуманитарлық өлшемдер саласындағы міндеттерді орындау мәселелері шығарылды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері Копенгаген құжатының 20 жылдығына және толеранттылық пен кемсітушілікке арналған конференциялар өткізу мәселесін қарастырды.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кеңес ҚР СІМ-нің консультативтік-кеңес органы болып табылады. Оның төрайымы - сыртқы саясат ведомствосының айрықша тапсырмалар бойынша елшісі Мәдина Жарбосынова.  

Консультативтік кеңестің міндеті Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде адамзат өлшемдері саласындағы мәселелерді талқылау болып табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1314
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2880
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 969
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903