Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
46 - сөз 6688 0 пікір 21 Шілде, 2014 сағат 10:04

ҚАДІР ТҮНІ

Қадір түні

 

Көз алдыңнан кетпесін қабір, түрің,

Кәлиманы серт етсін қаның, тілің.

Мұсылманға сыйлық боп келдім дейді,

Қасыңда тұр қол созсаң Қадір түнің.

 

Қадір түнің қасыңда шақырады,

Самайыңа тиіп тұр жапырағы.

Қасиетін сезінген жан иесі,

Ақыретте кәусарды сапырады.

 

Үзілмеген амалың тамып тасқан,

Әдет керек осындай қалыптасқан.

Қара түннен адаспай табады екен,

Жүректегі шамшырақ жарықты ашқан.

 

Қадір түні Алланың Рахымы,

Жолығады жетсе егер құл ақылы.

Рухыңды тыңдасаң алдамайды,

Сондықтан ғой жүректің бұратыны.

 

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292