Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7900 0 пікір 10 Шілде, 2014 сағат 19:09

Қасым Аманжолұлы. Бақтияр жауап беруі тиіс

Бақтияр алтын алған күні өмірге келген ұлымның атын Бақтияр қоймақ болып, аздап ойланып, райымнан қайтқан едім. Не деп болады деп... Ертең масқара боп жеңіліп, немесе абыройсыздыққа ұрынып жатса қайтем деп... Енді біраздан бергі Артаев төңірегіндегі мына ұлар-шуға өз пікірімді қоссам деп ем:
1. Боксшының қызды ұрғаны дәлелдене бастады. Бұзақылық жасаған Бақтияр заң алдында барлық азаматтармен тең жауап беруге тиісті. Заң аясында қорғануға да толық құқылы, әрине;
2. Ұрғаны рас екен, қыз баладан кешірім сұрап бейбіт бітіруге не кедергі болды? Кеуде ме баяғы? Енді бұл былығын мойнымен көтеруге тиіс. Бір жағы өзгелерге де сабақ болады. "Ол қыз маған да қол көтерді. Ішімнен итеріп жіберді. Көзімнің астында тырнағының ізі қалды" деген сияқты ұятты тірлік жасамағаны жөн;
3. Олимпиадада алтын медаль алу - адамшылықтың шыңына шығу деген сөз емес. "Бақтияр өйтуі мүмкін емес. Анау қыз андай-мұндай сияқты" деген сөздер біздің қортық санамызды көрсетеді. Ол қыз жезөкше болса да қол көтеруге рұқсат берілмесе керек-ті.

(Қасым Аманжолұлының   фейсбуктегі парқашасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404