Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Күбіртке 5997 0 пікір 16 Маусым, 2014 сағат 09:15

ҚАЗАҚСТАН ХРАПУНОВТЫ ЕЛГЕ ЭКСТРАДИЦИЯЛУДЫ СҰРАҒАН

Қазақстан билігі Алматы қалсының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновты елге экстрадициялауды сұраған. Бұл туралы  Tengrinews.kz сұрағына жолдаған  ҚР бас прокуратурсының жауабынан белгілі болды

 "ҚР Бас прокуратурасы Швейцария аумағында Храпуновқа қатысты ешқандай да тергеу амалдарын жүргізген жоқ. Ағымдағы жылдың наурыз айында біздің құзырлы органдар өкілдері Швейцария билігінің бақылауындағы Храпуновты беру туралы тек Швейцарияның дипломатиялық қызметіне сұрау салған болатын", - деп көрсетілген Tengrinews.kz-тің ресми сұрағына берілген жауапта.

Дәл қазіргі уақытта Швейцарияда тұрып жатқан Виктор Храпунов пен оның жұбайы Ләйлә Храпуноваға қатысты осы уақытқа дейін жалпы саны 24 қылмыстық іс қозғалған.  Виктор Храпунов 2007 жылы еліміздің төтенше жағдайлар министрі болып тұрған шақта "Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған кезінде қала маңындағы мемлекет бақылауында болған жер телімдерін заңсыз сатты" деген айып тағылғаннан кейін бірден қызметінен босатылған болатын.  

Храпунов төтенше жағдайлар министрі қызметінен босаған бойда Швейцарияға кетіп қалған еді. 2012 жылы 8 ақпанда оның әйелі Ләйләға да халықаралық іздеу жарияланды.  Жуырда Женева прокуратурасы Храпуновтың отбасына қаржы жымқырды деген айыппен тергеу амалдарын жүргізуді бастады деген мағынада мәлімет тараған болатын. Қазіргі уақытта Храпунов отбасына тиесілі Credit Suisse и Schroder & Co Bank AG банктеріндегі есеп-шоттар жабылып, барлық құжаттар алыныпты.

Мойнына айып тағылып, шетелде жүрген Қазақстандық экс-шенеуніктердің басы да, соңы да Храпунов емес. Храпунов елге экстрадицияланды деген күннің өзінде, экс-әкім қашырған әсем Алматының құты қайтып келе қоя ма? Ол жағы белгісіз.

 

Нұртай Нұрғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963