Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4523 0 пікір 13 Маусым, 2014 сағат 08:18

ЕНДІ 10 МЕМЛЕКЕТКЕ ВИЗАСЫЗ БАРА АЛАСЫЗ

 

Қазақстан біржақты тәртіппен 10 мемлекет азаматтары үшін визасыз режим орнатады. Today.kz-тің жазуынша, бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген.

«Бизнес байланыстарды, кәсіпкерлердің халықаралық кооперациясын кеңейту үшін визалық тосқауылдарды жою қажет. Бүгінде біз Қазақстанда барынша жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен 10 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режимді біржақты бекіту турасында жария етеміз», – деген өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаев.

Қазақстан Көшбасшысының атап өтуінше, бұл тізімде, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі, Корея Республикасы және Жапония бар.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2831
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 934
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 877