Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4040 0 пікір 13 Маусым, 2014 сағат 07:48

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ УӘДЕ ОРЫНДАЛДЫ

 

7-маусымда Түркия премьер-министр Режеп Таип Ердоған қатысқан рәсіммен Стамбұлға салынатын әлемнің ең үлкен әуежайының іргетасы қаланды. Түрік Премьері Ердоған Стамбұлдағы үшінші әуежайдың 150 миллион жолаушы қабылдау күшімен әлемнің алпауыты болатынын айтты.
Ердоғанның сөзінше аталған әуежай  Түркия Республикасының 91 жылдық тарихында ең маңызды инвестицияларының бірі, «Біз осында әуежай емес, жеңісіміздің ескерткішін салып жатырмыз», - деді ол өз сөзінде.

Әуежайдың алғашқы сатысы 2017 жылдың 29 қазан күні ашылатын болады.
Ататүрік әуежайынан жеті есе үлкен болатын әуежай құрылысы 2018 жылы толықтай аяқталып, пайдалануға берілмек. Стамбұлдың аймақтық ерекшелігі себепті транзит жолаушылардың ең көп таңдаған орталықтарының біріне айналады. 6 тәуелсіз қону алаңы мен 500 ұшақ аялдамасы бар әуежайында терминалдар арасындағы қатынас пойыздармен қамтамасыз етіледі. Стамбұлға Солтүстік Мармара трассасымен байланысатын әуежайынан қала орталығына қатынас үшін темір жолы жүйесі құрылады.

Ақ партияның сайлау алды бағдарламасында уәде етіліп, құрылысы басталған әуежай ары кетсе 63 миллион жолаушы күшіне ие Лондон Хитроу мен 45,5 миллион жолаушы күші бар Франкфурт әуежайынан әлде қайда үлкен болмақ. Құрылыс жұмыстары бойынша 100 мың адамның жұмыспен қамтамасыз етілуі күтілген әуежайы тендерін 26 миллиард евромен 5 фирмадан тұратын ортақ инвестициялық топ жеңіп алған екен.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1359
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2945
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1013
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 951