Бейсенбі, 7 Қараша 2024
Билік 7886 0 пікір 29 Мамыр, 2014 сағат 13:18

ТРАНСФОРМАЦИЯ - ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, Қор компаниялары тобының тәуелсіз директорларымен және топ-менеджментімен кездесу барысында, Елбасы тапсырмасы бойынша жасалып жатқан трансформация бағдарламасын талқыға салды. Қор компаниялары тобының тәуелсіз директорлары аталған бағдарламаны жоғары бағалап, оны ұлттық бизнес аясындағы экономикаға серпін беруші қуатты тетік деп атады, деп хабарлайды АҚ баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры сэр Ричард Эванстің сөзіне қарағанда, Қор компаниялары тобының бизнесін өзгеріске ұшырату бағдарламасы экономикалық жаңғырулардың қозғаушы күшіне айналып, жоғары технологиялы, тиімді әрі өзіндік құнын ақтаушы жобалардың саны мен сапасын, кірісін арттыруға мүмкіндік бермек. «Трансформация – алға жылжудың құнарлы азығы. Біз ұзақ жолдың басында тұрғанымызды, трансформация шеңберінде директорлар кеңесі акционерлерден еншілес компаниялардың басқармаларына белгі беруде аралық делдал болатынын түсінуіміз керек. Мемлекеттік мекемелер – бұл біздің интегралдық серіктестеріміз. Министрліктерге олардың аталмыш үдерістен сырт қала алмайтындарын жеткізгеніміз абзал», – дейді ол.

Сэр Эванстің ақпаратына сүйенсек, бірнеше апта мерзімінде, компания құнын арттыруда негізгі өлшеу құралына айналатын, EVA (economic value added – экономикалық қосымша құн) стратегиялық көрсеткішіне қатысты жұмыс аяқталады. «Маусым айының аяғына таман барлық ұлттық компаниялардың директорлар кеңесінің құптауын алмақ райдамыз. Алайда тек EVA көрсеткішімен шектеліп қалмау жөн деп санаймыз. Мәселен, бағдарламаға әлеуметтік тұрақтылық рейтингін де қосу керек. Экономикалық құрамдас бөлікке ғана нақты назар аударып қоймай, өзге де басымдыққа ие мәселелер бойынша ашықтықтың болуы маңызды», – деп жалғастырды ол. 

«Бизнес-трансформация – бұл әр ұлттық компанияның жауапкершілігі», – деп әріптестерінің пікірін қолдайды «Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры Найджел Стейплтон. «Тәуелсіз директор ретінде мен мұндай мәселеде көп сыналдым. Дегенмен, мынау ең бір күрделісі, ауқымдысы болып тұр. Оған салғырттық танытуға болмайды. Бірақ бәріміз бұл сынды ерікті әрі қуанышты түрде қабылдаймыз деген ойдамын. Бағдарламаны директорлар кеңесі деңгейінде қамтамасыз ету үшін не істеуге болатынын баршамыз жаппай ойластырайықшы», - деді ол кездесуде.

Бизнес-трансформацияны өткізуде табысқа жету үшін ұлттық компаниялар өзгерістерді басқара алатын жағдайда болу керек, деп санайды Найджел Стейплтон. Анығырақ айтсақ, шешім қабылдаудағы жауапкершілік компания басшылығы деңгейінде тоқырап қалмай, әрі қарай тереңірек, маңызды мәселелерге цехтарда, шеберханаларда, т.б. жерлерде жұмыс істейтін қарапайым еңбек адамдары атсалысатын үдерісті қамтамасыз ету қажет. «Бұл ұлттық компаниялар еңсеруі тиіс үлкен өзгерістер субсидиарлық ұстаным деп аталады», – деп ойын білдірді ол.

Жоғарыда келтірілгеннен бөлек, ұлттық компаниялар жобалық басқару мен оларды жүзеге асыру тәсілдерін игеру керек, деген пікірде Найджел Стейплтон. «Жобалық басқару бірнеше бағытқа тармақталған. Бұл бағыттардың әрқайсы бір арнада тоғысып отыруы тиіс. Сондықтан жобалық басқарудың аса маңыздылығын түсінген жөн», - деп байыптады ол.

«Мен үшін трансформация – бұл табиғи және сапалы өзгеріс қадамы. Бизнесті трансформациялау мәселелерін талқылау кезінде, біз, яғни директорлар кеңесінің мүшелері жайбарақаттық ауқымынан шыққандай күйге ендік. Ендігі шешетін мәселесі байыбына барсақ, не біз сапалық тұрғыда өзгереміз, не бұл түйткілдерді тарқатуға өзге адамдар кіріседі. Біздің жұмысымызды түбегейлі өзгерту ауадай қажет дүние. Міндетіміз – бұл үдерістерді қабылдай біліп, оларға бейімделу», – деп ойын сабақтады «Қазпочта» және «Қазтрансгаз» компанияларының тәуелсіз директоры Жанат Бердалина. 

Сарапшылардың пікірінше, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобын трансформациялау талпынысы, Қорды еншілес компаниялардың күнделікті қызметіне араласпай, тек стратегиялық мәселелермен шұғылданатын жоғары тиімді әрі білікті кеңесші деңгейіне көтереді. «Трансформация бағдарламасы – менеджмент тобымен ғана шектелмей, директорлар кеңесін де сараптайтын өте жауапты басқару бетбұрысы. Астана экономикалық форумында корпоративтік басқару рөлін күшейту мәселесі көтерілгені белгілі. Анығырақ айтсақ, директорлар мен корпоративтік басқару институтын құру жайы талқыланды. Өз басым, «Самұрық-Қазына» қорын амал-тәсілдері айқындалған, саяси бағдары мен тәжірибесі түзілген корпоративтік басқарудың жетекші тобы деп есептеймін. Сондықтан ол корпоративтік басқарудың ұлттық жүйесін жасаудың әдістемелік негізі болуы тиіс», – деп атап өтті «Қазмұнайтеңіз» компаниясының тәуелсіз директоры Александр Филатов. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1101
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2023
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2006