Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3502 0 пікір 22 Мамыр, 2014 сағат 11:28

ҮРІМЖІДЕГІ ЖАРЫЛЫСТАН 31 АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ

Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы аймағы орталығы Үрімжі қаласы саябақтарының бірінде жарылыс болды. Жарылыс саябақ маңындағы базарға белгісіз топтың бағыттап жіберген авто көлігі арқылы ұйымдастырылған. Келіп түскен ақпараттар бойынша жарылыс салдарынан 31 адам қаза тауып, 90-нан астам адам түрлі жарақаттар алған. Сондай-ақ жарылыс соңы өртке ұласқан. BBC-дың хабарлауынша аталған ауданда қытайдың күш құрылымдар жедел әрекет етіп жатыр.  

Шыңжаңда соңғы уақыттарда бірнеше  ұйғыр сепаратистер шабуылы болды. Сәуір айының соңында Үрімжі қаласындағы вокзалда болған жарылыстан 3 адам құрбан болып, 80 адам  түрлі дәрежеде  жарақаттанған еді. Айта кететін болсақ жыл басынан бергі лаңкестік әрекеттер  Қытай елінің батыс аймағында тексеріс пен бақылауды күшейтуіне себеп болған еді. Шыңжаң өңіріндегі қоғамдық орындар полицияның қатаң бақылауында.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397