Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6380 0 пікір 22 Мамыр, 2014 сағат 10:42

СЕРІК ӘБІКЕНҰЛЫ. УА, КІМСІҢ?

 (Би-ағаның ізімен)
Бүгін:
-Уа, кімсің?
-Вицемін ғой, қарағым!
-Не ғып жүрсің?
-Ақ орда ғой барарым!
-Жағдай қалай?
-Жағдай - бес,
Бұл ағаң сенің, маладес.
Оралмандарды тулатып келемін,
Тұтас қазақты шулатып келемін.
- Елге обал болмай ма?
-Әй, осы керітартпалығың қалмайды,ә?
Көкем бар ғой, көкем!
Сол арыстың сарқылмасын қайыры.
Көкең барда ел деген не, тәйірі?
-Байқа, бала!
-Өй, кетші...Шамаңа қара!

Ертең:
Уа, кімсің?
-Экспін ғой, ағасы.
- Ағасы? Сөзің түзу,
Түскенсің-ау шамасы...
Не ғып жүрсің?
- Т-с-с. Қашып келемін
Сізден несін жасырайын, босып келемін,
«Елім» деген ер едім,
Тауаным шағылып, жасып келемін.
-Е, солай де..
-Солай... Барар жер, басар тауым жоқ,
Мұңымды ешкім ұқпайды.
Елге жасаған жақсылық
Неге алдымнан шықпайды?
- Жасап па едің?
-Жасадым.
-Ойлан аздап..
-Жасадым!
-Онда неге қашасың?
-Қазақ десе... бетіңді ұяттан басасың...
Ізіме ит қоспағаны қалмаған...
Әсіресе, оралман деген оңбаған!
-Тәйт әрі, олар емес, сен надан!
- Кешіріңіз, көкесі...
- Ә, айтпақшы, Көкең ше?
-Түсінесіз ғой..
«Ат жақсысы кермеде...»
-Түрмеде!?

Cерік Әбікенұлының facebook парақшасынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347