Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4601 0 пікір 16 Қаңтар, 2015 сағат 12:14

«ВТБ:»БАС БУХТІҢ БЕТІ ҚАЛЫҢ БА?

Қарағандыда қаржы махиянацияларына байланысты тағы да қырғын әңігіме шықты. Бұл жолғы әңгіменің басты кейіпкері – кезінде атағы айға шапшыған баяғы «ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ БАНКтің» бұрынғы бас бухгалтері Ольга ЕВЛАНОВА деген ханым. Сөйтіп, көптен бері «қазанының қақпағы» жабылып, үн-түнсіз болып қалған осынау банктің төңірегіндегі сең тағы қозғалды. Қаладағы Қазыбек би аудандық сотының шешіміне сәйкес Евланова ханым 1,7 миллиард теңге шамасында болатын соманы банктің тарату комиссиясына қайтаруға тиісті. Әлбетте, жалғыз емес, «банктің банкрот  болуына септігі тиген» өзге де тұлғалармен біріге отырып қайтаруға тиісті. Ал енді «неге бір жарым миллиард теңге?» дегенге келетін болсақ, тарату комиссиясының айтуына қарағанда, банктің экс-президенті Айтбақы БІЛӘЛОВ (Андрей Беляев) пен оның алты бірдей әріптесі сотталып кеткелі бері тура осынша сома банктің мойнындағы қарызын жабуға жетпей тұр екен.

Егер есімізге түсіре кететін болсақ, Біләлов пен оның әріптестері сотталған кезде сот оларға 6,5 миллиард теңге қарыздарын жабуды міндеттеген болатын. Сол қарыздарды жабу мақсатында экс-банкир кеншілер астанасындағы Бас кеңсесін, сонымен бірге «Чайка» және «Қазақстан» деп аталатын қонақ үйлерін, оған қоса «Балалар сарайын» сатқан болатын, алайда олардан түскен қаржы қарызды жабуға жете қоймағасын Айтбақы Біләлов (марқұм) түрмеде тауып жатқан еңбекақысын да қарызы есебіне аударып отырған. Оның сотты болған әріптестері де осылай істеген. Бірақ қарыз сонда да жабылмапты. Соттың мәліметіне қарағанда, банкрот банктің мойнындағы қарызы, Евланова ханымға шығарылған шешімде көрсетілгендей, 1,7 миллиард теңге екен.

Евланова ханым сотта өз кінәсін мойындаған жоқ. Ханымның айтуына сенетін болсақ, оның өз басы бір де бір адамға материалдық тұрғыда зиян келтірмепті, сонымен бірге банк қаржысын бөлу-тарату мәселелеріне де ешқандай қатысы (?!) болмапты. Десе де... аудандық соттың шешімі бойынша Айтбақы Біләлов, Ғабиден Санаубаров, Максим Швачко, Ботагөз Көпеева, Лариса Ким, Светлана Панфилова және Светлана Пауль сияқты Ольга Евланова да «ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ БАНКтегі» қаржы махинацияларына кінәлі деп табылды. Сондықтан банк қарызын жабу үшін ол да өзгелермен бірге жауапкершілік жүгін арқалауға тиісті. Әйтсе де аудандық сот шешімі әзірге күшіне енген жоқ, өйткені Ольга Евланова Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым түсірді.

Марат МАДАЛИМОВ.

Абай.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413