Сейсенбі, 1 Қыркүйек 2026
Қоғам 6010 0 пікір 15 Қаңтар, 2015 сағат 16:46

- ТӨРТ ПАЙЫЗ

Статистика комитеті таратқан деректердің арасынан мына бір дәйек әрқилы ойға бастайды екен: былтырғы жылы Қазақстаннан сырт елдерге тұрақты тұруға кеткен адамдардың ұзын-саны 28868 адам болыпты. Таңдау еркі әркімнің өз құқығы, бірақ, осы кеткендердің 4 пайызы... қазақтар болып отыр. Яғни, 2014 жылы еліміздің есігін тарс жауып кеткен қаракөздің есебі – 1089 адам.
Онсыз да балшықтан адам жасай алмай отырған Қазақстан үшін бұл тізім тым қымбатқа түспей ме? Сыртта жүрген қандастарымыздың атамекенге оралуына кедергі көбейген сайын қазақ ұлтының ғана емес, жалпы тұрғындардың үлес салмағы кеміп отырғаны жасырын емес. Бұлай бола берсе, Елбасының өзі міндеттеген 20 млн.-ға жету жоспарын орындауға күмәнмен қарай бастайтын шығармыз...

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 234
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 530
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 247
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 246