СЕНІМХАТ СЫЗЫЛДЫ...
Биылдан бастап «Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енуіне байланысты еліміздегі жол жүру ережелеріне де өзгерiстер енгiзiлдi. Сондай-ақ, бұл заңнамаға сәйкес көлікті басқаруға қажетті құжаттардың тізімі қысқарды. Яғни, көлік иесінің екінші адамға көлігін сеніп тапсырғаны жөнінідегі сенiмхат міндетті құжаттар тiзiмiнен алынып тасталды.
Бірақ, бұл енді көлікке кім-көрінгенді отырғыза беру деген сөз емес екен. Бұдан былай, автокөліктің сақтандыру полисіне аты-жөні жазылған тұлғалар ғана оны басқаруға құқылы болады.
Абай-ақпарат.