Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6486 0 пікір 3 Қаңтар, 2015 сағат 11:20

ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСТІ…

1 қаңтардан бастап елімізде зейнетақы төлемдері 9 пайызға көбейді.

«2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін белгіленген уәкілетті ұйымның зейнетақы төлемдерін арттыру, барлық зейнетақы алушыларға, соның ішінде әскери қызметте қызмет атқарғандарға, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныбы бекітілген мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға алатын зейнетақы төлемінің 9 пайызы көлемінде жүргізілсін».

Бұдан басқа, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ең аз зейнетақы мөлшері ұлғаяды

«2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ең аз зейнетақы мөлшері  - 23 692 теңге болып белгіленсін», - делінген «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында. 2014 жылы ең аз зейнетақы мөлшері 20 782 теңгені құрады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 11 182 теңгеге дейін ұлғайды. 2014 жылы мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем мөлшері 9 983 теңгені құрады.

Абай-ақпарат.

(Мақалада «Қазақпарат» ХАА деректері пайдаланылды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366