Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5074 0 пікір 3 Қаңтар, 2015 сағат 11:13

АРДАГЕРДІ АРДАҚТА: ҚАРАҒАНДЫНЫҢ ҚАРТТАРЫ

Қарағандыда тұратын ардагерлерге арналған Елбасының сыйлығын облыс әкімі Н.Әбдібеков оларға ар­найы барып табыстады. Аймақ басшысы соғыс ардагерлері Талғатбек Әбдіразақовтың, Николай Сте­панович және Татьяна Ивановна Пастуховалардың, Қабеш Бекеновтің, Василий Кузнецовтың, Камали Дүй­сембековтің шаңырағында болып, Елбасы­мыздың атынан сый-сияпат көрсетті. Бұл құрметті ардагерлеріміз от кешіп, туған жердің игілігі үшін ат­қар­ған еңбегі үшін иеленді. 

Талғатбек Әбдіразақов ақсақал Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 1-дәрежелі «Отан соғысы«, «Құрмет Бел­­гісі» ордендерімен және медаль­дармен марапатталған. Қарағанды қа­ла­сы­ның Құрметті азаматы. Қарағанды пе­дагогикалық институтының, Е.А.Бө­­ке­тов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, Қарағанды кооперация институтының ректоры болған ғалым адам. Профессор Т.Әбдіразақов Елбасының көрсеткен іл­ти­патына разы. Қазақ мемлекеті үшін жасаған еңбегі еленіп, Елбасының ар­найы жолдаған сәлемдемесін алып кел­ген облыс әкіміне ризашылығын біл­дірді. 

Ал 89 жастағы Николай Пастухов әс­кер қатарына алынғанда небары 17 жас­тағы буыны қатпаған бозбала екен. Сонау отты жылдармен тұспа-тұс келген жастың сол кездегі өмірі ел басы­на күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарымен қатар келген. Жас жігіт 1943 жылы Орлов-Курск доғасында фа­шистерге қарсы шайқасқа қатысып, дала шайқастарының бірінде жара­қат­танып, әскери госпитальге жіберіледі. Николай Пастухов әскери госпитальда емделіп шыққаннан кейін 5-ші атқыш­тар дивизиясының гвардиялық армия­сы­ның қатарына қайта қосылып, Ук­раина, Молдавия, Польша, Румыния және Германия жеріне дейін жеткен. Сұрапыл оттың ортасында жүріп май­дангер махаббатына жолығады. Ол 17 жасар Татьяна Курановамен таны­сады. Міне, шайқас кезінде танысқан қыз бен жігіт соғыс оты сөніп, елдің беті бері қараған уақытта отау құрады. «Сүй­ген жарым Татьянамен соғыстан кейін, би кештерінің бірінде кездестім. Осыдан кейін жұбымыз жарасып, отау құрдық. Құдайға шүкір, бүгінде тату-тәт­ті өмір сүріп жатқанымызға 70 жыл­дай болды. Татьяна мен үшін аяулы жар ғана емес, сонымен қатар майдан дала­сында маған жігер берген жан-жарым екенін де атап өткім келеді» деді Николай Пастухов. Омырауы орденге толы қарт майдангер бүгінде ішкі істер органдары және ішкі әскер қызметінің құрметті ардагері. 

Қарағандылық ардагерлер Мемле­кет басшысына шексіз ризашылығын білдіріп, Елбасының елде жүргізіп отыр­ған реформаларын бірауыздан қол­дайтындықтарын білдірді. 

Нұрмұхамбет Әбдібеков қариялар­-ға Елбасының атынан құттықтау хат, 21 раушаннан тұратын ерекше гүл шо­ғын және жаңажылдық сыйлықтар тап­сырды.

Абай-ақпарат.

(Мақалада «Қазақпарат» ХАА деректері пайдаланылды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364