Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
46 - сөз 9708 0 пікір 3 Қаңтар, 2015 сағат 11:04

Марат ТОҚАШБАЕВ: ТЕЛЕВИЗИЯ ТУРАЛЫ

Жұрттың отандық телеарналарға ықыласын ау­дару­дың үш жолы бар: біріншісі – ақпараттық экспан­сиядан қорғану және ақпараттық кеңістікті белгілі бір дәрежеде жабу, екіншісі – отандық телеарналардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, үшіншісі – осыған баға беретіндей маниторинг жасай алатын жүйені қалып­тас­тыру. Ең алдымен біз ақпараттық экспан­сиядан арылуымыз керек. Ресеймен қарым-қатына­сымыздың жақсы екені шүбәсіз, бірақ біз өзіміздің көрерменімізді, ішкі ақпараттық нарығымызды, ақпараттық қауіпсіз­дігімізді қамтамасыз етуіміз керек. Ол үшін Ресейдің барлық телеарналарын кабельдік жүйеге көшіріп, қалғандарын тоқтату керек деп есептеймін. Екінші мәселе – отандық телеарналардың өнімдерін бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу. Әлемдегі ірі, жетекші ақпараттық компаниялардың бағдарламаларын, жобаларын басқа мемлекеттер алып, өздерінде пай­даланады. Мысалы, «Миллионды кім ұтып алады», «Екі жұлдыз» сияқты бағдарламалар Ресей арқылы бізге де келді. Осы көшірмелердің өте төмен деңгейі көрермендерді жирендіреді. Ондай жасанды дүниелерді көргісі келмей, басқа арналарға ауысып кететіні сондықтан. Үшінші айтқан мәселе – отандық телеар­налар­дың қамтитын аудиториясының төмендігінің астарында эконо­микалық-саяси мәселе жатыр. Әлемдік деңгейде жарнама беретін 15-20 ғана компания бар. Солардан келетін жарнама қаржысының барлығы Ресейдің қалтасына түседі. Бізге ол жетпей жатыр. Қазақстан телеарналарын ешкім көрмейді деп, Ресейдің арналарына тықпалау, бұл – шетелден келетін саясат. Рейтингтік көздердің айтқанына сене беруге болмайды. Қазақ­станда отандық телеарналарды ешкім көрмейді деп айтуға болмайды. Сол үшін бізге отандық телеарналарды қанша адам көретіндігіне мониторинг жасаған дұрыс.

«Президент және халық» басылымының бас редакторы Марат Тоқашбаевтың «Айқын» газетінің сауалнамасына берген жауабынан. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1234
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2948
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3297