Жұма, 22 Қараша 2024
Дей салдым-ау 7125 0 пікір 2 Қаңтар, 2015 сағат 10:47

МЫСҚЫЛСЫЗ МЫСАЛ

Бірінші мысал:

«...Тағы бір айтатын дүние, біздің қазақтың бойында әлі патроналистік сана әлі бар. «Ой, Үкімет өлтірмейді! Үкімет үмітімізді үздірмейді» деген сияқты... Ал, шын мәнісінде бүкіл әдемде, әсіресе өркениетті әлемде жұрттың бәрі «Мемлекет адамды асырауға тиісті емес» деген қарапайым қағиданы жаттап та алған, санасына сіңіріп те алған. Мемлекеттің функциялары басқа. Мемлекеттің функциялары жаңағы, үлкен... қорғаныстан бастап, жаңағы әртүрлі төтенше жағдайларда, содан кейін денсаулық, білім беру деген сияқты 5-6 салаға жауапты мемлекет... Ал адамды дәулетті етуге, оның айлығын, үйін – бәрін шешуге әлемде бірде-бір мемлекет міндетті емес!..».

(Сауытбек Әбдірахманов – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ-ның президенті. «Сіз не дейсіз?» бағдарламасы, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы. 26. 12. 2014 жыл).

 

Екінші мысал:

  «...если гражданина заставляют платить за образование и медицинское обслуживание, пенсию накапливать из собственных средств, жилье и коммунальные услуги оплачивать полностью, по рыночной цене, то зачем мне такое государство?! С какой стати я должен еще платить налоги и содержать безумную армию чиновников? Я всегда на всех уровнях говорил, что здравоохранение, образование и наука должны обеспечиваться из бюджета. Если государство сваливает эту заботу на нас самих, пусть исчезнет, нам будет гораздо легче...»
(Жорес Иванович Алферов – орыс ғалымы, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты). 

 

Бұдан артық не деуге болады?!

Үш тілді қатар меңгерген көзі қарақты оқырман түсініп, кешірер деп ойлаймын... Жұмыртқа ішінен жілік іздейтін «тілектес» кісілер кінә тақпасын деп, әркімнің өз сөзін өз тілінде бердік.

Сөз соңында қорытынды ретінде тағы бір дерек келтірсек артықтық етпес...

 

Түйін:

«... Кедейшілікті жоюмен сатылы түрде күресу тікелей менің және тұтастай Қазақстан билігінің басты міндеті болды және бұл солай болып қала бермек!..».

(Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың VІІ Астана экономикалық форумы мен ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясында сөйлеген сөзінен...).

P/S:  Мен не деймін, домбырам не дейді?!

 

 

                        Тұрмағанбет КЕНЖЕБАЙ,

ақын,

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303